Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады.

Шымкент. Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады.

23 Қазан 2024, Сәрсенбі
44
0
Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады. Сондай-ақ, еліндегі жүргізілетін саясаттың қандай екенін де білдіртеді. Конституциямызда Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Демек, бұл бағыттағы жемісті саясат Ата заңмен де тығыз байланысты. Дегенмен, әлемдегі дамыған алдыңғы отыздыққа ену мақсатын қойған Қазақстанымыз үшін әлі көп іс атқарылуы керек екені де анық.

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау – халықтың жаңа қоғамдық саяси-экономикалық жүйеге бейімделуі оңай болған жоқ. Қарапайым халықтың да, биліктің де. Мәселен, үкімет «екі қолыңды бос қойдым, ал, қалағаныңды жаса» дегендей сыңай білдірсе, халық та бас-көзсіз түрлі салаларға ұмтылып жатты. Еңбек нарығы мен экономикалық заңдылықтар өкінішке қарай сақтала бермеді. Сондықтан кей салада дисбаланс жүрді, яғни тепе-теңдік бұзылды. Оған бір дәйек – экономика, құқықтану, заңгерлік сияқты мамандықтарда жоғары жалақы болғасын, көп адамдар соны оқуға тырысты. Ал, мұндай мамандарға еңбек нарығында жылына он мыңдаған сұраныс жоқ еді. Бұл мұғалімдік не дәрігерлік емес. Жөн-жосықсыз, жүйесіз ұмтылыс кері нәтижесін берді. Мысалы, еңбек нарығы заңгерлер мен экономистерге толды, ал қалғаны жұмыссыздыққа ұшырады немесе басқа салаларға кетті.

Дегенмен, бұл қиын әлеуметтік-экономикалық үрдіс бірнеше жылға созыла келіп, шамамен 2000-жылдардың басында тежелді. Мұнай мен басқа да шикізат бағалары қымбаттап, экономикада ілгерілеу басталды. Әлеуметтік жағдай да жақсарды. Бірақ, барынша тұрақты әлеуметтік даму қалыптаса қоймады.

Әлемдік экономикалық дағдарыс әлсіз тұстарымызды ашып көрсетті. АҚШ-тан басталған бұл дағдарыс 2007-2008 жылдары жүріп, Қазақстанда 2009 жылы айқын көрінді. Девальвация, тауар мен қызмет көрсету саласының қымбаттауы, тұрғын үй және жер телімдері нарығының құлдырауы, кей банктердің әлсіреуі, өндіріс орындарының қысқаруы, жұмыссыздықтың артуы сияқты әлеуметтік-экономикалық қиындықтар бірінен соң бірі басталды.

Қазақстан бұл дағдарысқа жартылай дайын болды. Мұнай бағасы шарықтаған тұста құрып алған ұлттық қорымыз экономиканы тым тұралатып алмай, керісінше, дағдарыстан жаңа серпінмен шығуға мүмкіндік берді. «Экономика атасы» саналатын Адам Смиттің «адамның қалауы, ешқашан әрекетке жатпайды» деген сөзі бар. Біздің елдің де дағдарыстан шығуға деген қалауымызды іске асыруға қаржылық мүмкіндік – сол ұлттық қорда еді. Бұл жерде әңгіме жол картасы бағдарламасына қатысты.

Жол картасы бағдарламасы 2009-2010 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыстан әлеуметтік жағдайды салыстырмалы түрде әлсіретпей шығуға өзіндік септігін тигізді. Дағдарысты ұмыта бастаған ел белгілі бір деңгейде серпілді. Экономикада циклдік өрлеу мен құлдыраудың қатар жүретінін білмегендер біліп, білгендері біле түсті. Сондықтан қосымша екінші мамандыққа ұмтылу, құнын жоя қоймайтын қызметке бейімделу сияқты мәселелер көпті ойлантты. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері де мұны дәлелдейді.
XX ғасырда экономикалық дамудың алдыңғы қатарына жаңа технологиялар шықты. Өндіріс машиналық кезеңнен толық автоматтандыру мен компьютерлендіруге өтіп, қарқынды өндірістік өсім басталды. Уақыт өте келе ғылым өндірістің жетекші факторы болып, ғылыми жетістіктер мен өнертабыстар өмір тәжірибесіне шапшаң енгізіле бастады.

Әлемнің экономикалық бейнесін өзгерткен ірі корпорациялар (монополиялар) пайда болды. Өндірістің белгілі бір салаларын өз қолдарына шоғырландырып алған монополиялар өндіріс деңгейін, бағасын, еңбекақы мөлшерін қалауынша белгілейтін жағдайға жетті. Бір мемлекеттің аумағында әрекет ету монополиялар үшін тарлық ете бастағанда, трансұлттық корпорациялар (ТҰК) құрылды. Жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптаса бастағанда халықаралық қаржы жүйесі пайда болды.

Еуропаның экономикалық бірігуі де осы кезеңде саяси деңгейге өтті. 1957 жылы кейіннен 1992 жылы Еуропалық одаққа айналған Еуропалық экономикалық қауымдастық құрылды. Одаққа кірген елдер одақ ішіндегі қаржының, тауардың және жұмыс күшінің қозғалысына деген шектеулерді алып тастап, өздерінің шаруашылық өмірін біріктіруге ұмтылды. 1999 жылдан бастап ЕО ортақ валюта – еуроны енгізді.
Халықаралық экономикалық дағдарыстар қазіргі заманның ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Нью-Йорк биржасындағы акциялар бағасының құлауынан басталған алғашқы дағдарыс (1929-1933 жылдары) әлемдік экономика мен қаржы саласының барлық саласын шарпыды. Өндірістің құлдырауы, ақшаның құнсыздануы, жалақының қысқаруы және жаппай жұмыссыздық – осы кезеңнің негізгі сипаттары болды. Тығыз экономикалық байланыстар Еуропаның бірде-бір елін бұл дағдарыстан құтқара алмады. Бүкіл әлем 1974-1975 жылдары және 2008-2009 жылдары экономикалық және қаржылық дағдарыстарға тап болды.

XX ғасырда мемлекет меншік иесі, несие беруші және тапсырыс беруші ретінде экономиканың белсенді реттеушісіне айналды. Еуропа елдерінде экономиканы жоспарлау қарқынды дамуда. Капиталды өзге елдерге мемлекеттік несиелер мен инвестициялар түрінде шығару үлкен рөл атқарып отыр.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы



Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать