Шымкент. Халықтың құқықтық мәдениеті мен сауатын арттырып, заңдық білімін жетілдіру қоғамды дамытудың негізгі алғышартының бірі саналады.
Халықтың құқықтық мәдениеті мен сауатын арттырып, заңдық білімін жетілдіру қоғамды дамытудың негізгі алғышартының бірі саналады. Демократиялық құндылықтар салтанат құрған батыс елдері мен дамыған мемлекеттерде құқықтық саясат бір жүйеге келген. Әр адам өз құқын қорғай да, сақтай да біледі. Заң алдында өзгенің жеке басын қорлауға жол берілмейді. Әр азаматтың жеке құқығының қорғалуы, қоғамдық сананың әділет биігіне жетуі кез келген мемлекеттегі құқықтық кедергілерді жояды. Мысалы, әр азамат өз құқығын білсе, азаматтардың бойындағы құқықтық мәдениеті толық қалыптасса, қоғамның дамуына кедергі келтіретін парақорлық секілді індеттердің жолы біржола кесілері анық.
Парақор да, пара беруші де әділ жазаға тартылатынын сезінетін жүйе құру үшін заңның қаталдығы керек. Бүгінгідей перзентханадан бастап, о дүниеге аттанғанға дейінгі әр қадамыңа пара беретін жүйенің қабырғасын қатал заң ғана сетінете алады. Ол үшін ең алдымен азаматтарымыздың құқықтық білімін, білігін арттыруымыз керек. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері тек Әділет министрлігінің ғана емес, сонымен бірге барлық басқа мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы барлық мемлекеттік органдардың міндеті әлеуметтік модернизацияның маңызды мәселелерінің бірі ретінде халықтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу екенін бірнеше рет атап өткен болатын.
Бүгінгі таңда мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударады.
Құқыққа, заңға деген оң көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы өз құқықтары мен міндеттерін білуі құқықтық мәдениетті қалыптастыру процесінің басты міндеттері болып табылады. Қазіргі заман бізге күнделікті өзгеріп отыратын барлық жаңа үрдістерді талап етеді. Қазіргі әлемдегі елдің қарқынды дамуының шарты — бұл ең алдымен заң үстемдігін қалыптастыру. Себебі бұл құқық пен бостандықтың сақталуының кепілі ғана емес, сонымен қатар елдің инвестициялық тартымдылығының басты өлшемі болып табылады. Алайда бұл процесс халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен дамытусыз мүмкін емес.Азаматтарды толыққанды теңдікке жеткізу құқықтық идея арқылы ғана жүзеге асады. Құқықтық теңдік дегеніміз – бостандық қағидасы. Ол бостандық қағидасының барар жері - Әділеттілік. Сондықтан да әлем жұртшылығы әрдайым теңдік мәселесін басты назарда ұстайды. Заң бәріне ортақ болмай, кез келген проблемалар, әкімшілік және қылмыстық әрекеттер, бәрі де заң шеңберінде шешілмей еліміздің құқық қорғау саясатын бірізге түсіре алмаймыз. Сол үшін де мемлекет құқықтық саясаттың нақты алға қойған міндеттерін анықтап, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын жаңғыртуға жағдай жасап беруі керек. Ақпарат құралдары түрлі танымдық-ақпараттық материалдар арқылы қазақстандықтардың құқықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін үздіксіз насихаттап отыруы тиіс!
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Заң үстемдігін қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамытумен қатар жүретін процесс.
06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — құқықтық мемлекет құрудың маңызды аспектілерінің бірі.
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып табылады.
04 Қазан 2024, Жұма
Шымкент. Халықтың құқықтық мәдениеті – бұл азаматтардың құқықтық нормаларды, заңдарды, адам құқықтарын және тұтастай заңдылықты түсінуінің, бағалауының және қабылдауының деңгейі.
Комментарии (0)