Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.

Шымкент. Саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.

08 Қазан 2024, Сейсенбі
48
0
  Саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар.

  Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ Азаматтық қоғам кәзіргі таңда жеке жеке кодекс берліп қойған. Сонымен қаттар тәуелсіз елде тұрып Әр азаматтқа жеке жеке өзінін құқығы бар.Қоғамдық қатынастардың өзгеріп отыратын жағдайларына, ішкі саяси жағдайдың өзгеруіне жауап ретінде мемлекет тиісті құқықтық және институционалдық базаны қалыптастыруға кіріседі. Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру, азаматтық сектордың орнықтылығы үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық қоғам, кез-келген институт сияқты, ең алдымен оның қызметін қамтамасыз ету үшін заңнамалық реттеуді қажет етеді.

  Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам саласындағы негізгі заңдары қабылданды, олар – Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Бейбіт жиналыстар туралы» Заңдары. Елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрініс тапты. Ол азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған заңнамалық және өзге де құқықтық актілерді жетілдіру, одан әрі әзірлеу және қабылдау үшін негіз болды. Жоғарыда аталған құжаттар ең жақсы тәжірибелерді жүзеге асыруға және бүгінгі күні қолдау көрсетілетін дәстүрлерді енгізуге мүмкіндік берді.
 
  Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның азаматтық қоғамы тұрақтылық пен институционалдық дәстүрлерді сақтауда мемлекеттің сенімді серіктесі болған бірнеше ұйымнан тұтас институтқа дейінгі жолдан өтті. Азаматтық қоғамды қалыптастыру Елбасы Н. Назарбаев негізін қалаған және Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев тұрақты түрде дамытып келе жатқан мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Азаматтық сектор дегеннің не екенін анықтау маңызды.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Шымкент. Азаматтық қоғам жайлы
01 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғам жайлы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать