Түркістан облысы. Алкогольдің адам денсаулығына зияны
Алкогольдің адам өміріне қатты зиян келтіретінін ұмытпауымыз керек. Түркістан облысында бір ауыл ішімдіктен толығымен бас тартты. Бұл шешім ауыл ақсақалдарының бастамасымен қабылданған. Төлеби ауданы Қоғалы ауылында соңғы уақытта қылмыс тіркелмеген, ажырасу деңгейі де төмендеген. Былтыр аймақтық байқауда ауыл «Үлгілі елді мекен» атанды.
Ішімдік пен темекіден бас тартқан елді мекендер
Түркістан облысында соңғы алты жылда ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылдардың саны 12-ге жетті. Ауыл тұрғындары өз денсаулығын сақтап, табиғат аясындағы өмір салтын қолдап отыр. Ауыл дүкендерінде тек күнделікті қажетті азық-түлік қана сатылады, ал спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдеріне сұраныс жоқ. Ауылға келген қонақтар да осы жазылмаған заңға бағынады.
Салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдар
Ішімдік пен темекіден бас тартқан елді мекендерге мыналар жатады:
Нашақорлықтың қаупі
Есірткі пайдаланатын адамдардың өмірі нашарлап, ойлау қабілеті әлсіреп, олардың есіл-дерті есірткі заттарын табуға бағытталады. Есірткіге тәуелді адамдар кісі тонаудан бастап, жақындарын да тонап, есірткіге ақша іздеумен айналысады. Қазіргі уақытта тек ер адамдар ғана емес, қыздар да темекі шегіп, алкоголь ішіп, есірткіге әуестенуде, бұл өте қауіпті.
Нашақорлық пен шылым шегудің зияны
Есірткі мен ұзақ әсер ететін дәрі-дәрмектер денсаулыққа зиянды әсер етіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Шылым шегу де ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді, ал есірткіге тәуелділік медицинада «наркотизм» деп аталады. «Наркотизмнің» ауыр түрін «наркомания» дейді, бұл – адамның есі кетуіне және ағзаның әлсіреуіне әкелетін құбылыс. Грек тілінен аударғанда, «нарк» – жасанды ұйқы, «мания» – есі кету дегенді білдіреді.
Қорытынды
Ішімдік пен есірткіден бас тарту – денсаулықты сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды жолы. Елді мекендердегі салауатты өмір салтын қолдау арқылы қоғамның денсаулығын жақсарту, қылмысты азайту және жастарды дені сау өмірге тәрбиелеу мүмкіндігі бар.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

- Арыс қаласы: Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері;
- Бәйдібек ауданы: Түйетас ауылы;
- Жетісай ауданы: Алмалы ауылы;
- Келес ауданы: Шұқырсай, Мақташы ауылдары;
- Мақтаарал ауданы: Табысты;
- Ордабасы ауданы: Аққойлы, Жусансай, Төреарық, Көлтоған елді мекендері;
- Отырар ауданы: Қарғалы ауылы;
- Сауран ауданы: Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері;
- Төлеби ауданы: Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл елді мекендері;
- Қазығұрт ауданы: Шарбұлақ ауылы.
Нашақорлықтың қаупі
Есірткі пайдаланатын адамдардың өмірі нашарлап, ойлау қабілеті әлсіреп, олардың есіл-дерті есірткі заттарын табуға бағытталады. Есірткіге тәуелді адамдар кісі тонаудан бастап, жақындарын да тонап, есірткіге ақша іздеумен айналысады. Қазіргі уақытта тек ер адамдар ғана емес, қыздар да темекі шегіп, алкоголь ішіп, есірткіге әуестенуде, бұл өте қауіпті.
Нашақорлық пен шылым шегудің зияны
Есірткі мен ұзақ әсер ететін дәрі-дәрмектер денсаулыққа зиянды әсер етіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Шылым шегу де ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді, ал есірткіге тәуелділік медицинада «наркотизм» деп аталады. «Наркотизмнің» ауыр түрін «наркомания» дейді, бұл – адамның есі кетуіне және ағзаның әлсіреуіне әкелетін құбылыс. Грек тілінен аударғанда, «нарк» – жасанды ұйқы, «мания» – есі кету дегенді білдіреді.
Қорытынды
Ішімдік пен есірткіден бас тарту – денсаулықты сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды жолы. Елді мекендердегі салауатты өмір салтын қолдау арқылы қоғамның денсаулығын жақсарту, қылмысты азайту және жастарды дені сау өмірге тәрбиелеу мүмкіндігі бар.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Саясаттағы отбасы институтын қолдаудың негізгі бағыттары
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Қоғамдық келісім — тұрақты және бейбіт қоғам құрудың негізі болып табылады.
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Отбасылық саясаттағы құндылықтар
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)