Цифрландырудың мақсаты
Цифрландыру — бұл ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тарату және пайдалану процестерін сандық технологиялар мен ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру. Бұл процесс дәстүрлі және қолмен орындалатын жұмыстарды автоматтандыруды, қызметтердің тиімділігін арттыруды және ақпаратты цифрлық форматта басқаруды қамтиды. Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деп те айтуға болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Цифрлы жүйеге көшу — жаһандық бәсекеге қабілеттілік негізі. Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол білім алушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық әдіс-тәсілдердің біртұтас кешені деп айқындалған. Цифрлік сауаттылық — адам тіршілігіндегі маңызды ажырамас бөлігіне айналып отыр. Яғни, адам өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді әрі тиімді, қауіпсіз түрде пайдалануға дайын болуы керек. Цифрлік сауаттылық — ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі болғандықтан, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі болып отыр.
Елбасымыз Н. Назарбаев білім беру жүйесі еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында білім беру ісіне зор мән берілгендігін айтады. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ, білім мен ақпарат алмасу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде ұялы телефон, компьютер және Интернет — бұл табиғат пен қоғам өмір сүретін кеңістіктің маңызды элементтері болып отыр. Бүгінгі білімнің дамуы үшін адами капиталдың әсері енді жеткіліксіз. Білім беру ортасының өзін өзгерту керек, тек еңбек ресурстарын оқыту көлемін ұлғайту емес, білім мазмұны, оның әдістері, құралдары мен ортасы сапалы түрде өзгеруі керек, SMART біліміне әмбебап көшуіміз қажет.
Цифрландырудың негізгі бағыттары мыналар болуы мүмкін: ақпараттық жүйелерді енгізу — мысалы, басқару, есепке алу және талдау жүйелерін сандық технологиялар негізінде құру; автоматтандыру — қолмен орындалатын жұмыстарды роботтар, бағдарламалар немесе басқа да автоматты құралдар арқылы орындау; бизнес-процестерді оңтайландыру — компаниялардың жұмысын тиімді ету үшін сандық құралдарды енгізу; қоғамдық қызметтерді цифрландыру — денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік қызметтер және басқа да салаларда сандық қызмет көрсету.
Цифрландырудың нәтижесінде ақпаратқа қолжетімділік жеңілдейді, шешімдер тез қабылданады, ал адамдар мен ұйымдар арасында байланыс орнатады
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
Саясаттағы отбасы институтын қолдаудың негізгі бағыттары
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Қоғамдық келісім — тұрақты және бейбіт қоғам құрудың негізі болып табылады.
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Отбасылық саясаттағы құндылықтар
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Похожие материалы:
17 Қараша 2024, Жексенбі
Шымкент. Цифрландыру — бұл қоғамның барлық салаларында ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу мен пайдалануды білдіреді.
01 Қараша 2024, Жұма
Цифрландыру – бұл заманауи технологиялардың көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және тарату тәсілдерінің өзгеруі.
24 Қараша 2024, Жексенбі
Шымкент. Цифрландыру – бұл қазіргі замандағы жаһандық өзгерістердің басты бағыттарының бірі.
Комментарии (0)