Шымкентте үш жаңа өндіріс орны іске қосылды
ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында Тәуелсіздік күніне орай үш жаңа өндіріс орнының ашылуы өңір экономикасына қосылған маңызды үлес болып табылады. Салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Бұл жобалар елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және импортты алмастыруды мақсат етеді.
1.«Dapter-Line» ЖШС – мектеп дәптерлері мен жазу қағаздарын өндіретін фабрика. Жоба құны 500 млн теңге, жылдық қуаттылығы 70 млн дәптер, жаңа жұмыс орындары – 40.
2.«Balabi Textile» – шұлық бұйымдарын өндіретін зауыт. Жобаға тартылған инвестиция 6,5 млрд теңге, өндірістік қуаттылығы жылына 24 млн жұп шұлық, жаңа жұмыс орындары – 500.
3.«Nappa.kz» – аяқ киім өндірісіне бағытталған кәсіпорын. Инвестиция көлемі 400 млн теңге, жылдық өндірістік қуаттылығы 200 мың жұп аяқ киім, жаңа жұмыс орындары – 60.
Бұл жобалар тек экономикалық тұрғыдан маңызды болып қана қоймай, өңірде отандық өндірістің дамуына серпін береді. Барлық өндірістердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, жабдықтары орнатылған, ал жаңа жұмыс орындары жергілікті тұрғындарға қолайлы мүмкіндіктер ұсынады. Елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мен өндірістік қуаттылықты дамытуға бағытталған бұл қадамдар қаланың экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы
09 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)