Түркістан облысына 1 трлн 64 млрд теңге инвестиция тартылды
Түркістан облысында шетелдік инвестициялар тарту жұмыстары айтарлықтай табысты жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685,1 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Қазан айындағы инвестициялық форумда 127 шетелдік компаниямен 301 млрд. теңге көлемінде меморандумдарға қол қойылып, 134,1 млрд. теңгеге 56 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланды. 11 айда 41 жоба жүзеге асырылып, 99,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Экономиканы дамытуға бағытталған жалпы құны 2,5 трлн. теңге болатын 145 инвестициялық жоба пулы құрылып, оның ішінде өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және туризм салаларына басымдық беріледі. Бұл жобалар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға және жергілікті бюджет кірістерін 100 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент өнеркәсібі жаңа биіктерге: зауыттар кеңейеді, әуежай жаңарады
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент жолдары: Бектенов тәртіп орнатуды талап етті
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент аспанында мың жел диірмен: Республика күні ерекше мерекеге айналды
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






