Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы
Әлеуметтік төлемдер бойынша
Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 237 695 астам азаматты құрайды. (345 041 мың төлем бойынша)
Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша қызметте көрсетілуде. 2024 жылдың 12 айында жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың және қайта қаралған төлемдердің саны – 163834 құрайды. Жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылар саны – 85492; Қайта қаралған зейнетақы мен жәрдемақылар саны –78342. Есеп беру кезеңінде 145 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден және 2101 мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылды. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылып, есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу және заңсыз тағайындалған төлемдер жоқ.
2024 жылдың 12 айында азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 67253 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 2962 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 1,7% құрады.
76 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 67253 оның ішінде;
ХҚКО арқылы - 28998 іс құжат 43,12%,
Электронды үкімет портал арқылы -1553 іс 2,31%,
Проактивті қызметтер арқылы -27520 іс 40,92%,
Банктік қосымшалар арқылы -9135 іс 13,58%,
МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы 47 қызмет түрі көрсетілген 0,07%.
Бөлімдердің мамандары есеп беру кезеңінде 226 азаматтың арыз-шағымдары мен ТМД елдерінен келіп түскен 1318 сұраныс хаттарды қарап, заңмен белгіленген мерзім аралығында жауаптар берілді. Сонымен қатар, келуші азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілді.
Бұхаралық ақпарат құралдарында зейнетақы мен әлеуметтік төлемақылар туралы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2 рет жергілікті телеарналарда хабарға қатысып, 6 рет газеттерде мақала жарияланды.
Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ бірлескен жоспарына сәйкес, ХҚКО-ның бөлімдері мен әлеуметтік сала мекемелері бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша, 12 рет семинар-кеңсе өткізілді. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» мамандарымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсету аясында зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі бойынша Абай аудандық ХҚК орталығы мен Қаратау ауданы бойынша Мансап орталығында және Қаратау аудандық ХҚК орталығында 4 рет «Ашық есік» күндері өткізілді. Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын азаматтарға арнаулы әлеуметтік төлемнің тағайындау тәртібін түсіндіру туралы, бірлескен кестеге сәйкес және Әлеуметтік кодекс аясында түсіндіру жұмыстары 21 мекеменің қызметкерлермен кездесулер өткізілді.
2025 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ
"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтрадан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақылар мен жәрдемақыларды қайта есептеу жүргізіледі.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5% - ға арттырылуға жатады.
Мысалы, егер алушының ынтымақты зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 82000 теңгені құраса, қосымша индекстеуді ескере отырып, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% - ға арттырылып -88970 теңгені құрайтын болады (зейнетақыдан арттыру - 6970 теңгені құрады).
Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57853 теңгеден, - 62771 теңгеге дейін ұлғаяды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындауға алғаш рет өтінім білдірген азаматтар үшін ең жоғары табыс (жалақы) мөлшерін септеу үшін 55 еселенген айлық есептік көрсеткішпен шектеліп - 216260 теңгеден (55 х 3932 теңге) аспайды.
Мысалы, нақты табыс 320 000 теңгеден астам соманы құраса, зейнетақыны есептеу үшін -216260 теңгемен шектеліп, қабылданады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3932 теңге,
Ең төменгі зейнетақы- 62771 теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі- 46228 теңге.
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері- 32360 теңгені құрайды.
Жалақының ең төменгі мөлшері - 85000 теңге.
Балалар жәрдемақысы
Баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы көбейеді:
- бірінші, екінші және үшінші балаға- 149416 теңгеге дейін (38,0 АЕК),
- төртіншіге- 247716 теңгеге дейін (63,0 АЕК).
Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы:
- біріншісіне - 22649 теңге (5,76 АЕК),
- екіншісіне - 26777 теңге (6,81 АЕК),
- үшіншісіне -30867теңге (7,85 АЕК),
- төртінші және одан көпке - 34995 теңге (8,9 АЕК).
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны -74427 теңге, (1,61 КД).
Көпбалалы балалы аналардың жәрдемақысы
"Алтын алқа" (жеті және одан да көп бала), алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға ай сайыңғы жәрдемақы -29097 теңгеге (7,4 АЕК) дейін ұлғаяды.
"Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар үшін ай сайынғы жәрдемақы -25165 теңгеге (6,4 АЕК) дейін ұлғаяды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
2024 жылдың қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандарымен кәсіпкерлік субъектілеріне «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдарының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім мекемелері, мемлекеттік мекемелері және т.б. салада әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділікпен қамтамасыз етілуіне 80 тексеру жүргізілді, оның ішінде:
- профилактикалық бақылау – 25 (3 – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 2 – жартылай стационар, 10 – денсаулық, 10 – мемлекеттік мекемелер )
- жоспардан тыс – 45 (4-жұмыспен қамту басқармасы, 7-мемлекеттік мекеме, денсаулық сақтау-20, 4-әкімдік, 5-жеке кәсіпкер, 5-ЖШС).
-нұсқаманың орындалуы бойынша – 10 (4-білім мекемесі, 1- медициналық орталық, 5-мемлекеттік мекеме ).
Бұдан бөлек қалалық және аудандық прокуратураларының қаулылары негізінде мектептер мен бала-бақшаларға 258 тексеру жүргізіліп, барлығы 338 тексеру жұмыстары аяқталды.
Профилактикалық бақылауға қатысты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдыққа бекітілген 23 нысанның 1 нысанына тексеру жұмыстары жүргізілмеді. Себебі, профилактикалық бақылау жұмысын жүргізу туралы хабарлама жолданғанда Басқарма тарапынан ешқандай құжат ұсынылмады.
Профилактикалық бақылау тізіміндегі Басқармаға қарасты «Шымкент теміржол вокзалы» ғимаратына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің көліктегі департаментінде тіркелген 18.04.2024 жылғы №2479000001601012/00036 Бақылау мен қадағалау және субъектісіне (объектісі) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актісі тіркелді.
Алайда, Бақылау барысында Басқарманың 25.04.2024 жылғы №32-08-08/1466 санды хатына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №503 қаулысы және Шымкент қаласының қаржы басқармасының 2020 жылғы 1 сәуірдегі №80 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының теміржол вокзалы «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (БИН 200340008324) теңгеріміне берілгендігі анықталды.
Нұсқамалардың орындалуы бойынша:
2023 жылы Департаментпен 68 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 49 нұсқама толығымен орындалды.
Сонымен қатар, 2024 жылға дейінгі мерзімге сәйкес берілген тапсырмалар орындалуда.
Жоспардан тыс тексеру бойынша:
Бөліммен жүгінімдер мен шағымдар негізінде 2024 жылы 55 жоспардан тыс тексеру жұмыстары тағайындалып, жүргізілді. Нәтижесінде 36 нұсқама беріліп, 32 әкімшілік іс бойынша 11 215 080 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаны қалыптастыруға қатысты
Бүгінгі таңда жыл басынан бөлім мамандарымен 338 мекемеге мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз орта жасау бойынша Ережелер жинағының талаптары түсіндіріліп және қаладағы мемлекеттік органдарға Ережелер жинағы мен Әдістемелік ұсыным (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жолданды.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы бойынша (әрі қарай-ОЖБ)
02.12.2024 жылғы жағдай бойынша ОЖБ-ға сәйкес қала бойынша 49 205 қажеттілік анықталып, оның 40 275-і яғни 81,9% қамтамасыз етілген.
ОЖБ-ның орындалуы бойынша Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Профилактикалық бақылау-2 және 4-жоспардан тыс тексеру тағайындалып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.
Анықтама үшін. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мамандар саны 5 бірлікті құрайды (іс жүзінде 4 адам жұмыс істейді).
Шымкент қаласы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететінұйымдарға лицензия алды талдау
Жалпы саны – 20. Оның ішінде, үйде – 4 (Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№7 үйде қызмет көрсету», 3- Үкіметтік емес ұйымдар: «Жігер» «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» ҚБ, «Алғыс» мүгедектер қоғамы» ҚБ және «Өркен» жеке қайырымдылық қоры).
15 АӘҚК орталықтар, оның ішінде:
- 9 ұйым 100% дайын: - АӘҚКО №1, №2, №3, №4, №5, №9, №10,
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№7 үйде қызмет көрсету»
1 АӘҚК орталық 87,5 % (стационар, мемлекеттік мекеме):
- №6 АӘҚК өрт қауіпсіздігі актісі жоқ, қолжетімділік жоқ, пандус талапқа сай емес, жаяу жүргіншілер жолдарының беті тегіс емес. (Төтенше жағдайлар министрлігі 2020 жылы тексеру жүргізді).
2 АӘҚК орталық 87,5 % (жартылай стационар, мемлекеттік мекеме):
- Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "Қамқорлық " №8 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы " КММ-сі құжаттар енді өткізіп жатыр.
- Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ-сі құжаттар енді өткізіп жатыр.
2 үкіметтік емес ұйымдар 75 %:
- «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорында қолжетімділік, тактильді жолдар, мнемосхема жоқ, Ең төмен штат нормативтері сәйкес емес.
- «Өркен» жеке қайырымдылық қорының медициналық лицензиясы жоқ, СЭС қорытындысы жоқ, қолжетімділік, тактильді жолдар, тұтқалар жоқ, Ең төмен штат нормативтері сәйкес емес.
2 үкіметтік емес ұйымдар 62,5 %:
- «АсылАй» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өрт қауіпсіздігі актісі жоқ, қол жетімділік, тактильді жолдар, тұтқалар, штаттық талаптарға сай емес;
- «Рахмет саған, АНАШЫМ» мүгедек аналар, балалар бірлестігі!» қоғамдық бірлестігінің өрт қауіпсіздігі актісі, СЭС қорытындысы жоқ, қолжетімділік, тактильді жолдар, мнемосхема жоқ, Ең төмен штат нормативтері сәйкес емес.
1- мемлекеттік, 2 - үкіметтік емес ұйымдар 50 %:
- «Өсеміз» Қоғамдық қоры Өрт қауіпсіздігі актісі жоқ, медициналық лицензиясы жоқ, СЭС қорытындысы жоқ, қолжетімділік, тактильді жолдар, тұтқалар, қызметкерлер стандартқа сай емес;
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Аяла» қоғамдық бірлестігінің өрт қауіпсіздігі туралы анықтамасы, СЭС қорытындысы жоқ, қол жетімділік жоқ, тактильді жолдар, мнемо-диаграмма жоқ, қызметкерлер стандартқа сай емес
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бойынша
Мүгедектік – бұл көп факторлы медициналық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және құқықтық өзекті мәселе. Мүгедектік, ұлт денсаулығы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен үкіметтің әлеуметтік саясатының көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты мүгедектік динамикасы көптеген факторларға тәуелді. Сондықтан әрбір әкімшілік аумақтық құрылымдардың өзіне лайықты мүгедектікке алып келетін негізгі аурулар құрамы, мүгедектік деңгейі және мүгедектіктің даму динамикасы заңдылықтарын ескеру қажет. Шымкент қаласы бойынша 05.01.2025 жылға мүгедектігі бар адамдар саны 41496 адамға жетіп, қала бойынша тұрғындардың (05.01.2025 жылға 1 249 600 тұрғын) 3,3 % -ын құрайды. Оныңішінде:
- Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 33551 немесе 80,8%,
1) 1 топ – 4683 адам,
2) 2 топ – 15410 адам,
3) 3 топ – 13458 адамнан тұрады.
- Мүгедектігі бар балалар саны – 7945 немесе 19,1%,
1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша – 2769 бала,
2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 773 бала,
3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 2015 бала,
4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2388 бала
мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады.
Қала бойынша мүгедектігі бар ересек тұлғаларды (33551) ауру нозологиясы бойынша талдау төмендегі жағдайды көрсетті:
жүрек–қан тамыр аурулары бойынша мүгедек деп танылған адамдар – 6582, бірінші орында,
екінші рангалық орынды психикалық аурулар бойынша мүгедектік –– 4820 адамда,
үшінші орынды жарақаттар салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар саны –– 3713,
төртінші орынды жүйке жүйесінің аурулары - 3293 адам ,
бесінші орынды көз ауруларыдан болған мугедектігі бар - 2766 адам иеленіп отыр.
Мүгедектігі бар балалар (7945) арасында нозология бойынша:
бірінші орында–жүйке жүйесі аурулары– 3015 бала,
екінші орында–туа болған ақаулар– 1592 бала ,
үшінші орында - психикалық аурулар – 1450бала,
төртінші орында – эндокринді аурулар – 330 бала
2024 жылғы 12 айға МӘС бөлімдері жалпы 16325 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 3452 адам, қайта куәландырылғаны 11573 адам, негізсіз жолданғандары – 203.
Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 3259 (2855) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 404 адамға көбейген.
Алғаш мүгедек деп танылғандар ішінен:
- ересектері 2186 адам (1948), пайыздық үлесі 67,0%,
- 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 1073 бала (907), пайыздық үлесі 32,9% құрайды.
Қайта куәландыру
Қайта куәландырылған: 12873 (11011) мүгедектің ішінде,
мүгедек деп танылғаны – 10853 (9293) адам,
толық оңалтылғандар – 721 (620) адам, пайызға шаққанда 6,2%, (6,2%)
жартылай оңалтылғандыр – 711 (648), пайызға шаққанда 12,0% (12,5%)
күшейтілгендер – 688 (544), пайызға шаққанда 6,8% (6,2%), яғни барлық нысаналы көрсеткіштеріміз өткен жыл мен салыстырғанда және орта республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда жақсарып отыр.
Проактивті сырттай куәландыру бойынша
Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген азаматтарға бір медициналық мекемеде оларға қажетті қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы қабылданып, Шымкент қаласында пилотты проактивті сырттай куәландыру 2021 жылғы 1 қарашасынан бастап іске қосылды.
01.01.2024 – 31.12.2024 жылдар аралығында Шымкент қаласының медициналық ұйымдары арқылы сырттай куәландыруға ЕХӘҚМ МОДҚ ақпараттық жүйесі арқылы 6755 науқасты жолдау қажет болатын. Алайда, қазіргі таңда 6154 науқастың медициналық-сараптамалық құжаттары жолданған. Оның ішінде, 5942 науқастың құжаттары проактивті сырттай куәландыруден өтіп шешім шығарылған, ал 2822 науқастың құжаттары дұрыс ресімделмей кері қайтарылған.
Негізсіз жолданғандар
2024 жылдың 12 айында 203 (336) науқас негізсіз жолданды.
- Алғашқы 98 (155),
- Қайта 105 (181),
- Сырттай 95 (187),
- Көзбекөз 108 (149),
2024 жылғы 12 айы бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәліметтер
Бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы, оның ішінде, социальді желі арқылы 10 ақпарат, газет-журналдар арқылы 12 ақпарат таратылған. 13 рет халықпен кездесулер өткізіліп, 240 халықтың өтініштері қаралды. Әріптестік ұжымдармен 4 кездесу жүргізіліп, 173 адам қамтылған.
Арыз шағымдар бойынша
Барлық тіркелген өтініштер саны – 1512
Оның ішінде:
Өтініштер - 1026
Шағымдар – 387
Басқасы (хабарлама, сұрату, үн қосу) – 95
Ұсыныстар – 4
ТМД елдерінен келген сұраныстар саны - 1318
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы» тақырыбында баспасөз конференциясынан
Спикерлер:
Ергеш Ержан Ермаханұлы - Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары;
Шегірбаев Рахман Өміралиұлы - Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының МӘС жөніндегі орынбасарының м.а.