Қазақстанның 2024 жылғы әлеуметтік және экономикалық даму стратегиясы
2024 жылы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап өтілді. 2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды жалғастырды. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту қажеттілігін атап өтті. Осы міндеттердің шеңберінде реформалар жасалып, бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.
2024 жылы мемлекеттік бюджеттің жартысынан астамы (52,8%) әлеуметтік салаға бағытталды. Жыл сайын зейнетақыны көтеру аясында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемдер: базалық зейнетақы 7%-ға, ынтымақты зейнетақы 9%-ға инфляцияны ескере отырып, индекстелді. Нәтижесінде 2,4 млн зейнеткердің оның ішінде, БЖЗҚ жинақтау қорынан зейнетақы алатын 459,3 мың зейнеткердің зейнетақысы көбейді. Орташа зейнетақы көлемі 165 мың теңгеден асты. Бұдан бөлек, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы 2028 жылға қарай 5%-ға ұлғаяды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін артты. 1,8 млн адам, оның ішінде бюджет қызметкерлері қамтылды. 600 мың азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жалғасуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау шаралары жүзеге асырылып жатыр, табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны азайып келеді. Цифрлық отбасы картасы арқылы 8430 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 845 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 401 мыңнан астамы жастар. 9 мыңға жуық азамат, оның ішінде мүгедектігі бар жандар және ерекше қажеттілігі бар балалы ата-аналар бизнес-идеясын жүзеге асыруға грант алды.
Мемлекеттік инвестициялар тиімділігін арттыру және сапалы жоспарлау үшін Жобалардың инновациялық навигаторы әзірленді. Бұл жүйе кадрларға қажеттілікті болжап, талдау жасайды, сондай-ақ жобаларды үйлестіруге, сапасын бақылауға және тиімділігіне мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Платформа арқылы жалпы құны 33 трлн теңге болатын 755 инвестициялық жоба қадағаланып отыр. Бұл жобалар аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сонымен қатар навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ адал емес жеткізушілерді анықтауға мүмкіндік береді.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда интернет-платформаларда жұмыс істейтін адамдар ең төменгі әлеуметтік кепілдікпен қамтылды. Жеке кәсіпкерлер үшін e-salyqBusiness қосымшасы арқылы әлеуметтік төлем мөлшерлемелерін 4%-ға дейін төмендету және интернет-платформа операторларын салық агенттері ретінде тану арқылы жағдайлар жеңілдетілді. Бұл операторларға жеке кәсіпкерлер атынан жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу міндетін жүктейді. «Яндекс.Такси» компаниясымен жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында аталған тәсіл сынақтан өткізілді. 36 мыңнан астам жүргізуші Яндекс платформасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Олардың фискалдық чектер саны 36,9 млн болды. Мемлекеттік кірістер комитетінде фискализацияланған жалпы кіріс көлемі 47,5 млрд теңгеге жетті.
«Ұлттық қор – балаларға»: тұрғын үй және білім алуға арналған төлемдер 2024 жылдан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаға сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы жинақ шоттарына аударылады және оны мерзімінен бұрын шешуге болмайды. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап төлемдер басталды, олар Қазақстан азаматтығы бар 18 жасқа дейінгі барлық балаға арналған. 2024 жылы бағдарлама қатысушыларының шоттарына $695,5 млн төленді.
$30,6 млн 2024 жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға төленеді. Қазірдің өзінде уәкілетті операторлар арқылы $3,4 млн сомасына 33,5 мыңнан астам өтінімнің қаражаты банктік шоттарға аударылды. Оның ішінде $1,8 млн сомасына 18 мыңға жуық өтінім тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталса, $1,6 млн сомасына 15,5 мың өтінім білім алу үшін төленді. Өткен жылдан бастап Мемлекет Басшысының Жарлығымен әкімдердің халықпен кездесу өткізу тәртібі өзгерді. Осы орайда, тоқсанына 1 рет қаладағы 5 аудан тұрғындарымен кездесудің желілік кестесі бекітілді. Биылғы жылдың 5 айында қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 70 кездесу өткізілді. Сонымен қатар, әкімнің жеке қабылдауы барлық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен күні бойы «ашық есік»форматтында өтуде.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Жастар саясаты – ел болашағын қалыптастырудағы маңызды құралдардың бірі.
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Қаланың болашағы – жастардың қолында
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Жастар – мемлекеттің болашағы.
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Похожие материалы:
16 Қантар 2024, Сейсенбі
ЗИЯНДЫ ЖҰМЫСТАРМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АДАМДАРҒА АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ ОРТА ЕСЕППЕН 208 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН БОЛАДЫ
01 Қырқүйек 2023, Жұма
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті
01 Қырқүйек 2023, Жұма
Күрделі тапсырмаларды орындау үшін біздің бірлігіміз күшті және біртұтас болуы керек - Бақыт Бекназаров
01 Қырқүйек 2023, Жұма
КҮРДЕЛІ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ БЕРІК БОЛУЫ ТИІС
Комментарии (0)