8) ШЫМКЕНТ: АЛҒАШ РЕТ КЕҢІРДЕКТІҢ, ЦИРКУЛЯРЛЫ РЕЗЕКЦИЯСЫ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ
ШЫМКЕНТ: АЛҒАШ РЕТ КЕҢІРДЕКТІҢ,
ЦИРКУЛЯРЛЫ РЕЗЕКЦИЯСЫ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ
Кеңірдектің кеуде бөлігінің циркулярлы резекциясы операциясы онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан 72 жастағы
тұрғынға жасалды. ІІ дәрежелі кеңірдек стенозы, ауыр дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозымымен түскен науқасқа консилиумнан кейін шұғыл түрде операциялық, ем жасау шешімі қабылданды.
Жаңа әдісті тәжірибеге енгізу мақсатында шет мемлекеттердің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырған аурухана мамандары күрделі отаны сәтті жүзеге асырды. Ота кезінде дәрігерлер науқастың кеуде қуысын ашып, кеңірдектің зақымданған бөлігін алып тастап, жоғары тыныс алу жолдарын қалпына келтірді.
Онкохирургтар Самат Исмаилов, Талап Ақпанбетов, кардиохирург Нұрғиса Пернебаев, анестезиологтар
Данияр Жайын, Бахтияр Абетаевтың, командалық жұмысы нәтижесінде науқас ауыр дерттен айығып, қазіргі таңда
үйіне шығарылды.
Тілші:Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші:Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
22 Қантар 2024, Дүйсенбі
ШЫМКЕНТ: АЛҒАШ РЕТ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ КАРДИОХИРУРГИЯДА ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫ ӘДІСПЕН ОТА ЖАСАЛДЫ
Комментарии (0)