8) Түркістанда жаңа ғимараттар бой көтереді
Түркістанда жаңа ғимараттар бой көтереді
Түркістан қаласында жаңа ғимараттар мен нысандар бой көтереді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен мәжілісте қалада көпқабатты тұрғын үйлер, білім нысандары, бизнес орталықтары мен демалыс аймақтарының құрылысы жоспарланғаны айтылды. Әрбір ғимараттың құрылысын бастау үшін сәулетшілердің мақұлдауынан өтуі міндетті. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тікелей бақылауында.
Мәжілісте 14 жаңа жоба таныстырылып, сәулетшілер мен жауапты басшылардың сараптауынан өтті. Сәулеттік кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, кәсіпкерлер мен инвесторлар, сондай-ақ сәулет және құрылыс саласының мамандары қатысты. Облыс әкімі әрбір жобаны жан-жақты зерттеп, кеңес отырысына ұсынуды талап етті. Сонымен қатар, құрылыс сапасына ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.
Нұралхан Көшеров:
«Түркістан қаласында жаңа нысандардың салынуы жалғасады. Бұл қала туризмнің тартылыс нүктесіне айналуы үшін зор мүмкіндіктер береді. Жаңа нысандарды салу мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Бірақ басталған іс аяқталуы тиіс. Ғимараттардың сәулетіне қатысты барлық талаптар толық сақталуы керек. Сонымен қатар, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын да ұмытпаған жөн. Бізге әлеуметтік тұрғыда тиімді, елге қызмет ететін ірі жобалар қажет», – деп атап өтті.
Мәжілісте сондай-ақ қаладағы Мәдени-рухани орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан жобалардың барысы талқыланды. Түркістан қаласында жүргізілетін құрылыс нысандарының сапасы мен сәулеті үнемі тұрақты бақылауда болады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)