ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ
Күрделі операция Шымкент қалалық №2 ауруханасында өтті. Дәрігерлер бастың жиі ауруы, жоғары қан қысымы, құсу, құрысу, ентігу белгілерімен шағымданған 22 жасар науқасқа “галена венасының артериовенозды мальформациясы” диагнозын қойған.Ангиография құрылғысының көмегімен күрделі операция сәтті жасалды. Ота барысында тамыр ішінде мальформация бітелді. Жоғары технологиялық медициналық қызмет түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалды. Пациенттің қазіргі жағдайы жақсы. Жақын күндері үйіне шығарылады.
Жалпы бұл өте сирек әрі қауіпті диагноз саналады. Статистика бойынша патологиямен ауырғандардың 90%-ы уақытылы ем қабылдамаса, өліммен аяқталады.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
22 Қантар 2024, Дүйсенбі
ШЫМКЕНТ: АЛҒАШ РЕТ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ КАРДИОХИРУРГИЯДА ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫ ӘДІСПЕН ОТА ЖАСАЛДЫ
Комментарии (0)





