ҚАЛАНЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАР АТҚАРЫЛУДА

Соңғы жылдары қала аумағы арқылы өтетін транзиттік жүк көліктерінің саны едәуір артты. Бұл өз кезегінде жол жабындарының тез тозуына және инфрақұрылымға түсетін жүктеменің күшеюіне әсер етуде. Аталған мәселені шешу мақсатында қалаға кіретін үш негізгі бағыттағы көшелерде артық жүк тиеген автокөліктерді автоматты түрде анықтайтын арнайы жүйе іске қосылды.
Аталған жүйе қараша айынан бастап жұмыс істеп, осы уақыт аралығында 240 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шара жолдардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, жүк тасымалдау саласындағы тәртіпті күшейтуге мүмкіндік беріп отыр. Алдағы жылы мұндай жүйені қосымша алты бағытқа орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуежайды халықаралық заманауи мультимодальды хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, әуежайдың жаңа ұшу-қону жолағын салу жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 46,1 млрд теңгені құрайды.
Аталған бастама қаланың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірлік хаб ретінде дамуына серпін бермек. Жүйелі инфрақұрылымдық жобалар шаһардың экономикалық әлеуетін арттырып, транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жол ашады.
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
26 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА: ӘУЕЖАЙ МАҢЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАР БҰЗЫЛМАЙДЫ
Комментарии (0)






