Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері таныстырылды
Шымкент қаласындағы «Айна» базары аумағында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған арнайы кездесу өтті.Жиын барысында Қазақстанның «Ауыл» партиясы атынан Шымкент қаласы бойынша өкіл Әлфараби Мыңбай сөз сөйлеп, ұсынылып отырған Конституция жобасының мазмұнына жан-жақты тоқталды. Ол жаңа редакцияда адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге басымдық беріліп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, спикер кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық нормалардың маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру – бизнестің тұрақты дамуының негізгі кепілі. Ұсынылып отырған өзгерістер кәсіпкерлер үшін сенімді әрі болжамды құқықтық орта қалыптастыруға бағытталған.
Кездесуге базар саудагерлері мен кәсіп иелері белсенді қатысып, Конституция жобасына қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, жер қатынастары, салық салу тәртібі және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру және реформаның мәнін көпшілікке жеткізу. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар еліміздің жаңа Ата Заңына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Обсудить
Другие статьи:
ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ
06 Сәуір 2026, Дүйсенбі
Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
04 Сәуір 2026, Сенбі
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында
04 Сәуір 2026, Сенбі
Похожие материалы:
03 Ақпан 2026, Сейсенбі
М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді
Комментарии (0)




