Байланысқа арналған телефондар:
» » Президент Халықаралық Аралды құтқару қоры Орталық Азиядағы су шаруашылығы мен экологиялық мәселелердің шешімін табу

Президент Халықаралық Аралды құтқару қоры Орталық Азиядағы су шаруашылығы мен экологиялық мәселелердің шешімін табу

22 Сәуір 2026, Сәрсенбі
9
0
Президент Халықаралық Аралды құтқару қоры Орталық Азиядағы су шаруашылығы мен экологиялық мәселелердің шешімін табу үшін өңірдегі мемлекеттердің күш-жігерін ортақ арнаға ұйыстыратын бірден-бір институционалдық платформа екеніне тоқталды
– Қор Арал теңізін құтқаруға бағытталған халықаралық қолдау шараларын шоғырландырып, бірлескен бастамаларды іске асыруда айтарлықтай рөл атқарады. Қазақстан Қорға төрағалық ету барысында барлық құрылтайшы мемлекеттердің қатысуымен көптеген өзекті міндеттердің шешімін табуға дәйекті түрде ықпал етті. Мысалы, су-энергетика саласындағы ынтымақтастық нығайып, жобаларды қаржыландыру тетіктері кеңейіп келеді. Қордың Атқарушы комитетінің үйлестіру қызметін арттыру жөнінде шаралар қабылданды. Халықаралық әріптестермен, соның ішінде БҰҰ құрылымдарымен, қаржы институттарымен және донорлармен ықпалдастық күшеюде. Халықаралық табиғатты қорғау бастамалары аясындағы жұмыс жанданды. Қордың Атқарушы комитеті бірқатар маңызды жиынға, атап айтқанда, Рияд қаласында өткен One Water саммитіне, Найробиде ұйымдастырылған БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі 7-ші Ассамблеясына, сондай-ақ Бакудегі СОР-29 және Белендегі СОР-30 конференцияларына қатысты. Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына және Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Өңірлік бағдарламасына жіті назар аударылып отыр. Сонымен қатар халықаралық ұйымдардың қатысуымен 30-дан аса өңірлік жоба жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар мен бастамаларды қаржыландырудың жалпы көлемі екі миллиард доллардан асады. Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен серіктесе отырып әзірлеген 2026-2029 жылдарға арналған Өңірлік жол картасы Арал маңы тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға үлес қосады, – деді Мемлекет басшысы.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать