КӘСІПОРЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АЯСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

«Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. 2019 жылы іске қосылған кәсіпорын 12 га аумақта орналасқан. Бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтуда.
Зауыт негізінен, автотрансформаторларды, күштік май трансформаторларын, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторларды шығарады. Жобалық қуаты жылына 120 дана жоғары кернеулі трансформаторлар өндіреді.
Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Кәсіпорындардың жұмысымен танысқан қала басшысы жауаптыларға бизнес өкілдеріне жаңа желілерді қосуда, экспортты ұлғайтуда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетуді тапсырды.
Әкім білім беруді, денсаулық сақтауды, инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған түрлі жобаларды белсенді түрде қолдайды. Ол қаржы ресурстарын бөледі, бастамаларды жүзеге асыруға көмектеседі, аймақтың тұрақты дамуына және тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:

11 Қазан 2023, Сәрсенбі
Шымкент: кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика ішкі нарықты толықтай қамтып отыр

13 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
Шымкентте өндірілген медициналық бұйымдар мен қорғаныс құралдарына сұраныс зор
Комментарии (0)