Байланысқа арналған телефондар:
» » ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА КЕҢ АУҚЫМДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА КЕҢ АУҚЫМДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

26 Мамыр 2026, Сейсенбі
8
0
ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА КЕҢ АУҚЫМДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында екі ірі медициналық ұйымда күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Қалалық №3 аурухананың бас ғимаратында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аурухана аумағы 2,6 гектарды құрайтын бұл медициналық мекемеде ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Жөндеу барысында есік-терезелер толық ауыстырылып, жылыту жүйесі мен инженерлік коммуникациялар заманауи талаптарға сай жаңғыртылуда. Бұл өз кезегінде мекеменің энергия тиімділігін арттырып, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аталған жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС әзірлеп, ол тамыз айында мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оң қорытынды алған. Құрылыс-монтаж жұмыстары «НКО» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қазан айында басталып, кезең-кезеңімен сапалы орындалуда.

Айта кету керек, №3 қалалық аурухананың тарихы 1986 жылдан бастау алады. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық ауруханасы ретінде қызмет көрсеткен мекеме 2018 жылы Сайрам тұрғын алабының Шымкент қаласына қосылуына байланысты қайта құрылып, №3 қалалық аурухана мәртебесіне ие болды. Бүгінде бұл медициналық ұйым қала тұрғындарына кең ауқымды медициналық көмек көрсетіп келеді.

Сонымен қатар, қаладағы диагностикалық орталықта да ауқымды құрылыс-монтаждау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ғимараттың инженерлік жүйелері — электрмен жабдықтау, желдету, жылыту және сумен қамтамасыз ету жүйелері толықтай жаңартылып, заманауи стандарттарға сәйкестендірілуде. Бұл медициналық жабдықтардың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайды.

Реконструкция барысында орталықта жаңа жоғары технологиялық диагностикалық құрылғыларды орналастыруға арналған арнайы кабинеттер жабдықталып, пациенттерге қолайлы орта қалыптастыру үшін күту залдары мен қабылдау бөлімдері кеңейтілуде. Нәтижесінде тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы артып, зерттеу нәтижелерін алу уақыты қысқарып, диагностика тиімділігі едәуір жақсарады.

Жалпы алғанда, аталған жобалар Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге және тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама болып табылады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать