Шымкент: модернизациядан өтіп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеуі аяқталуға жақын

Үй комитетінің төрағасы Зейнеткер шарапат Жүсіпбекова, зейнеткер, 3 жылдан бері үй комитетінің төрағасы. Ол бұл үйде 9 жыл тұрады.
"Күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындармен бірлесе 2021 жылдан әрекет жасадық. Бұл үйдің жөндеу көрмегеніне 51 жыл болған екен. «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне барып өтініш жаздық. Сонымен, биыл модернизацияға іліндік. Мердігер компания жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Біздің ұсыныстарымызды ескеріп, жұмысты сапалы атқаруда. Кіреберісімізді де ақысыз істеп бермек. Жалпы жергілікті бюджет бағдарламасы болғаннан кейін қайтарымды несие қаражатының пайызы жоқ. Осы жағы да бізге қолайлы болып отыр", - дейді 40 жыл мұғалім болып жұмыс істеген зейнеткер.
Төбесі мен артқы қасбеті көп қабатты үйлерде орнатылған. 10 күннен кейін тұрғын үй жаңа түрге ие болады. Осылайша, қаланың ескі үйлерін жаңғырту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
Модернизация: Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер қайта жаңаруда
16 сентябрь 2023, Суббота
Сәуле шағынауданында саялы саябақ бой көтеруде
16 сентябрь 2023, Суббота
Эко-акция: Шымкентте 103 мыңнан астам адам тазалау шараларына қатысты.
16 сентябрь 2023, Суббота
Похожие материалы:

08 сентябрь 2023, Пятница
Шымкентте көппәтерлі 15 тұрғын үй модернизациядан және 21 тұрғын үй ағымдағы жөндеуден өтуде
Комментарии (0)