Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысуда.⠀
Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңындакүн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды.
⠀
III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды.
⠀
10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. Өңірлік Саяси кеңестердің құрамына 808 адам, Бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім беру және ғылым, үкіметтік емес сектор мен кәсіподақтар, мәдениет және спорт, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика, құқықтану, IT және креативті индустрия салаларының өкілдері бар.
⠀
«Әділет» партиясы түрлі кәсіби қоғамдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілі саналатын қазақстандықтардың бастамасымен құрылды. 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында партияның құрылтай съезі өтті. 2026 жылғы 1 маусымда заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ
11 Тамыз 2026, Сейсенбі
Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді
11 Тамыз 2026, Сейсенбі
АБАЙ ӘЛЕМІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
11 Тамыз 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
10 Шілде 2026, Жұма
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН БЕКІТТІ
05 Шілде 2026, Жексенбі
«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді | Партия «Әділет» проведет III внеочередной Съезд
01 Шілде 2026, Сәрсенбі
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Комментарии (0)



