ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ
ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ
Бүгін, 10 тамыз — Абай күніне орай Шымкент қаласында ауқымды музыкалық шеру өтті. Шартарапты әуенге бөлеген бұл мәдени бастама аясында 100-ге жуық өнерпаз қаланың басты орындарында ұлы ақынның мәңгілік мұрасын паш етті.
Жергілікті өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Хәкім Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сынды әндерін әуелете шырқап көпшілікті тәнті етті. Өнерпаздар Әуежай, «Дала мол», Теміржол вокзалы, «Жапон» саябағы, «Плаза», «Сити мол» сауда орталықтарын аралап, әуезді әндерін қалықтатты. Жанды дауыстағы орындаулар қаланың әрбір бұрышын ұлттық өнердің рухына бөледі. Жас пен кәріні баурап алған музыкалық шеру ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың және ұлы Абайдың асыл сөзін дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
Бүгін, 10 тамыз — Абай күніне орай Шымкент қаласында ауқымды музыкалық шеру өтті. Шартарапты әуенге бөлеген бұл мәдени бастама аясында 100-ге жуық өнерпаз қаланың басты орындарында ұлы ақынның мәңгілік мұрасын паш етті.Жергілікті өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Хәкім Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сынды әндерін әуелете шырқап көпшілікті тәнті етті. Өнерпаздар Әуежай, «Дала мол», Теміржол вокзалы, «Жапон» саябағы, «Плаза», «Сити мол» сауда орталықтарын аралап, әуезді әндерін қалықтатты. Жанды дауыстағы орындаулар қаланың әрбір бұрышын ұлттық өнердің рухына бөледі. Жас пен кәріні баурап алған музыкалық шеру ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың және ұлы Абайдың асыл сөзін дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
Обсудить
Другие статьи:
Бәйдібек би — Төлеметов қиылысында жолайрық құрылысы жалғасуда: қала инфрақұрылымының жаңа кезеңі
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Болашаққа деген қамқорлық: Smart Mobility компаниясы балаларға жаңа оқу жылын ерекше сыйлықпен қарсы алды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Назарбеков көшесі жарыққа бөленді: қауіпсіздік пен жайлылықтың жаңа деңгейі
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






