МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Елімізде жүзеге асып жатқан саяси өзгерістердің негізгі мақсаты – халық пен мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайту деп ойлаймын. Қай кезде де кез келген реформа халықтың өмірімен, қоғамның сұранысымен үндес болғанда ғана өз нәтижесін береді. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайдың құрылуы – ел дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Құрылтайдың басты ерекшелігі – халықтың ой-пікірі мен ұсыныстарын естуге мүмкіндік беретін ортақ алаң болуында. Әр өңірдің өз мәселесі, өз ерекшелігі болады. Солардың барлығы ескеріліп, елдік деңгейде талқылануы халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады деп сенемін.
Бүгінгі қоғамға ең керегі – ашықтық пен өзара түсіністік. Халықтың ұсынысы ескеріліп, маңызды мәселелер ортақ пікір арқылы шешілсе, елдің дамуына да оң әсер етеді. Мемлекет пен қоғам бір-бірін тыңдап, бір бағытта жұмыс істегенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Құрылтайдың тағы бір маңызды тұсы – елдегі түрлі пікірлер мен көзқарастарды бір арнаға тоғыстыруында. Бұл – қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтаудың маңызды жолы. Себебі, Қазақстан сияқты көпұлтты ел үшін ең басты құндылықтардың бірі – өзара сыйластық пен келісім.
Меніңше, кез келген өзгерістің негізінде халықтың мүддесі тұруы керек. Құрылтай да осы мақсатқа қызмет етіп, елдің көкейіндегі мәселелерді көтеретін, халықтың үнін жеткізетін маңызды алаңға айналады деп ойлаймын.
Ойымды қорыта келе, Еліміздің болашағы – бірлікте, жауапкершілікте және ортақ іске деген жанашырлықта дегім келелі. Халық пен билік арасындағы сенім нығайған сайын мемлекетіміздің дамуы да жаңа деңгейге көтеріле береді.
Бөрібай ОРАЗЫМБЕТ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Жазушылар одақтарының мүшесі. Айтыскер ақын. Бүкіләлемдік «АПЭУ» шығармашылық ұйымының Қазақстандағы модераторы, «Еңбек ардагері» медалінің иегері.
Елімізде жүзеге асып жатқан саяси өзгерістердің негізгі мақсаты – халық пен мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайту деп ойлаймын. Қай кезде де кез келген реформа халықтың өмірімен, қоғамның сұранысымен үндес болғанда ғана өз нәтижесін береді. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайдың құрылуы – ел дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.Құрылтайдың басты ерекшелігі – халықтың ой-пікірі мен ұсыныстарын естуге мүмкіндік беретін ортақ алаң болуында. Әр өңірдің өз мәселесі, өз ерекшелігі болады. Солардың барлығы ескеріліп, елдік деңгейде талқылануы халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады деп сенемін.
Бүгінгі қоғамға ең керегі – ашықтық пен өзара түсіністік. Халықтың ұсынысы ескеріліп, маңызды мәселелер ортақ пікір арқылы шешілсе, елдің дамуына да оң әсер етеді. Мемлекет пен қоғам бір-бірін тыңдап, бір бағытта жұмыс істегенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Құрылтайдың тағы бір маңызды тұсы – елдегі түрлі пікірлер мен көзқарастарды бір арнаға тоғыстыруында. Бұл – қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтаудың маңызды жолы. Себебі, Қазақстан сияқты көпұлтты ел үшін ең басты құндылықтардың бірі – өзара сыйластық пен келісім.
Меніңше, кез келген өзгерістің негізінде халықтың мүддесі тұруы керек. Құрылтай да осы мақсатқа қызмет етіп, елдің көкейіндегі мәселелерді көтеретін, халықтың үнін жеткізетін маңызды алаңға айналады деп ойлаймын.
Ойымды қорыта келе, Еліміздің болашағы – бірлікте, жауапкершілікте және ортақ іске деген жанашырлықта дегім келелі. Халық пен билік арасындағы сенім нығайған сайын мемлекетіміздің дамуы да жаңа деңгейге көтеріле береді.
Бөрібай ОРАЗЫМБЕТ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Жазушылар одақтарының мүшесі. Айтыскер ақын. Бүкіләлемдік «АПЭУ» шығармашылық ұйымының Қазақстандағы модераторы, «Еңбек ардагері» медалінің иегері.
Обсудить
Другие статьи:
МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
13 Тамыз 2026, Бейсенбі
«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
13 Тамыз 2026, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ
11 Тамыз 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






