10 млн фишингтік шабуыл: «Касперский зертханасы» Қазақстан бойынша цифрлық қорытынды жасады
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда фишингтік сайттарға өтудің 10 миллионнан астам әрекеті бұғатталды«Касперский зертханасы» 2026 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстандағы киберқауіптерге жүргізілген зерттеудің* қорытындысын шығарды. Сарапшылар елдегі фишингтің ауқымын бағалап, қазақстандық балалардың экран алдында уақытын қалай өткізетінін зерттеді.
Фишинг. Компанияның қорғаныс шешімдері күн сайын алаяқтық ресурстарға өтудің орта есеппен 37 мыңға жуық әрекетін бұғаттаған. Тоғыз айда шабуылдардың жалпы саны 10 млн-нан асты. Алаяқтар жеке деректер мен төлем деректемелерін алдап алу үшін жалған парақшаларды танымал жергілікті және халықаралық сервистерге ұқсатып жасайды.
Балалардың цифрлық әлемі. Компанияның деректеріне** сүйенсек, қазақстандық балалардың қызығушылықтары ресейлік балалардікінен айтарлықтай ерекшеленеді. Смартфондарда YouTube (26%) бірінші орында, одан кейін TikTok (21,7%) пен WhatsApp (12,7%) тұр. Ал Ресейде Max мессенджері мен Roblox көш бастап тұр. Компьютерлерде бұл айырмашылық одан да айқын байқалады: Қазақстанда MS Office (21,1%) бірінші, Google Chrome (19,8%) екінші, ал Roblox (8,8%) үшінші орында. Ресейде жағдай басқаша: алғашқы үштікте Яндекс (17%), Google Chrome (16,1%) және Steam (15,6%) тұр. Roblox төртінші орында (15,3%).
«Қазақстанда фишингтік шабуылдар санының өсуі компанияларда да, әр отбасында да көпдеңгейлі қорғаныс жүйесін қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бұл ретте цифрлық сауаттылық ерекше рөл атқарады. Қауіпті дер кезінде байқай білу көбіне алаяқтардың жолын кесетін басты тосқауылға айналады. Бұл балаларға да қатысты. YouTube, TikTok сияқты танымал платформаларда және ойын сервистерінде олар фишингтік сілтемелерге, жалған ұтыс ойындарына және деректерін алдап алу әрекеттеріне тап болуы мүмкін. Балаларға осындай қауіптерді байқауды үйрету — ата-аналар мен педагогтердің басты міндеттерінің бірі», — дейді «Касперский зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
Өзіңізді және жақындарыңызды қауіптен қорғау үшін «Касперский зертханасының» сарапшылары мынадай кеңес береді:
· Тіпті таныстарыңыздан келсе де, күтпеген хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз. Логиніңізді немесе карта деректерін енгізбес бұрын сайттың мекенжайын тексеріңіз.
· Компьютерге өзгенің флеш-жадын қоспаңыз және тексерілмеген дереккөздерден алынған файлдарды ашпаңыз.
· Тиімділігі тәуелсіз сынақтармен расталған қорғаныс шешімін, мысалы, Kaspersky Premium бағдарламасын орнатыңыз.
· Балаңызбен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін талқылаңыз: бейтаныс адамдарға жеке деректерін бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және тексерілмеген дереккөздерден файл жүктемеу.
· Kaspersky Safe Kids көмегімен балаңызға қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырыңыз.
* Дербес деректері жасырылған мәліметтер «Касперский зертханасы» шешімдерінің қорғаныс компоненттерінің 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек аралығында іске қосылу нәтижелері негізінде алынды.
** Kaspersky Safe Kids сервисінің 2026 жылғы қаңтар — қазан аралығындағы дербес деректері жасырылған статистикасы бойынша.
Обсудить
Другие статьи:
10 млн фишинговых атак: «Лаборатория Касперского» подвела цифровые итоги по Казахстану
25 Қараша 2026, Сәрсенбі
10 млн фишингтік шабуыл: «Касперский зертханасы» Қазақстан бойынша цифрлық қорытынды жасады
25 Қараша 2026, Сәрсенбі
В честь 35-летия Независимости ансамбль «Айгөлек» отпраздновал юбилей
25 Қараша 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
20 Қараша 2026, Жұма
«Касперский зертханасы» Google сервисі арқылы тараған өтемақы туралы алаяқтық хаттарды анықтады
13 Қараша 2026, Жұма
«Касперский зертханасы» киберқылмыскерлердің корпоративтік желілерде қалай із жасыратынын түсіндірді
05 Қараша 2026, Бейсенбі
«Касперский зертханасы» Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ұйымдарға VasyGrek тобының 100-ден астам шабуыл жасау әрекетін тіркеді
Комментарии (0)



