Өкпе обырын ерте анықтауға тегін тексеру науқаны
Шымкент қалалық онкологиялық диспансерінің дәрігері Айгүл Серікованың пікірінше, мұндай акциялар халықтың онкологиялық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады. «Науқастарымыздың басым бөлігі ауруды кеш сатыда байқайды. Өкпе обыры ерте кезеңде сыртқы белгілер бермейді — жөтел, тыныс тарлығы сияқты симптомдар кейін ғана пайда болады. Сол үшін тексеруді кезеңді түрде, мүмкіндігінше ертерек жүргізу өте маңызды», — деді ол. ТДКТ бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан дәлелденген, симптомдар пайда болғанға дейін ісікті анықтай алатын ең тиімді скрининг әдісі болып саналады. Тегін тексеру науқаны өкпе обырына қарсы күрестегі алдын алу шарасы ғана емес, нақты адам өмірін сақтаудың тікелей жолы ретінде бағаланып отыр.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттен солтүстік пен шығысқа: 817 адам жаңа өмір бастады
13 Қараша 2026, Жұма
Шымкентте он ай ішінде 11 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты
13 Қараша 2026, Жұма
Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 10 қарашадан басталады
13 Қараша 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






