ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Бүгін Асар-2 елдімекенінде РП-10кВ электр станциясы іске қосылды. Электр тарату бекетін қолданысқа беруге арналған салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жергілікті халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде 1150 абонент үздіксіз электр қуатына қол жеткізді. Айта кетейік, жергілікті тұрғындар бұрын жеке трансформаторларды қолданып келген және электр қуатының сапасына шағымданған болатын. Ал енді елдімекен халқы бұл қызмет үшін артық төлем жасамайды. Сонымен қатар, станция жаңа тұрғын үйлерді ғана емес, әлеуметтік нысандарды да электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
09 Қантар 2024, Сейсенбі
БОЗАРЫҚТЫҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ
08 Қараша 2023, Сәрсенбі
Қайнарбұлақ тұрғын алабынның жаңақұрылыс аймағында ауыз су құбырларын тарту жұмыстары толығымен аяқталды
22 Қазан 2023, Жексенбі
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
Комментарии (0)



