«Достық пен бірліктің символы»: Шымкент тұрғындары сайлауға қазақтың ұлттық киімдерімен келді

Сайлауға өзбек этносының өкілдері ерекше бастама көтеріп, шамамен 20 тұрғын дауыс беруге қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп келді. Бұл әдемі бастама қазақ халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген шынайы құрметтің көрінісі болды. Сонымен қатар бұл Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерін біріктіретін достық пен өзара сыйластықтың символына айналды.
Жарқын ұлттық киімдер бүгінгі күнге ерекше салтанат сыйлап, қоғамымыздың басты құндылығы – бірлікті тағы бір мәрте айшықтай түсті. Бір сайлау учаскесінде тағдыры мен ұлты әртүрлі адамдар қатар тұр. Алайда олардың барлығын ел болашағына деген ортақ жауапкершілік біріктіреді.
Қазақстан – баршаға ортақ шаңырақ. Мұнда бір-бірінің мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарау қоғамдық келісімнің, өзара сенім мен тату көршіліктің негізіне айналған.
Бүгін №250 сайлау учаскесіндегі дауыс беру азаматтық борышты орындаумен қатар, құрмет, бірлік пен елге деген сүйіспеншіліктің қарапайым әрі шынайы істерден көрінетінінің жарқын мысалы болды. Өйткені бүгін – Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауы өтетін тарихи күн.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Имамсидиков Нодирханның айтуынша, аталған учаскеге барлығы 2179 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 1800-ден астамы өз азаматтық таңдауын жасап үлгерген.
Обсудить
Другие статьи:
В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ
23 Тамыз 2026, Жексенбі
День, который объединил страну: Как прошли первые выборы в Курултай
23 Тамыз 2026, Жексенбі
Елді біріктірген күн: Құрылтайдың алғашқы сайлауы қалай өттi
23 Тамыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
23 Тамыз 2026, Жексенбі
«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ
Комментарии (0)





