СЫР ӨҢІРІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті.Оған Құрылтай депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары,ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент және инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, эко белсенділер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.
Акцияның мақсаты - жұртшылықты ортақ іске жұмылдыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қоқыстан тазарту және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.
Осыған орай, облыстың барлық елді мекенінде және Қызылорда қаласындағы «Қайсар Арена» стадионында жаппай сенбілік, тал егу шаралары өтті.
«Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірімізде көркейту-көгалдандыру, абаттандыружұмыстары жүргізілуде.
Сыр жұртшылығы жалпыұлттық акцияға алғашқы күннен бастап белсене қатысып, туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне зор үлес қосып келеді.
Жыл басынан бері тазалық шараларына 400 мыңнан астам кәсіпкерлер, коммуналдық сала қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.
Өңіріміздің климатына сәйкес келетін 88 мыңнан астам тал мен көшет егілді.
Тазалық әр үйден, әр ауладан, әрбір елді мекеннен басталады.
Сондықтан табиғатты қорғау ісінде мемлекеттік мекемелермен қатар, кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдардың және әрбір тұрғынның белсенділігі маңызды.
Бүгінгі акцияда тазалық жұмыстарын атқарып, сонымен қатар, ағаш көшеттерін егеміз.
Баршаңызды туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамын»,- деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Шара барысында Құрылтай депутаты Ирина Тен экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, облыс бойынша ұйымдастырылған шараларға 12000-ға жуық адам қатысып, 1750-ге жуық тал егілді. Жыл басынан тазалық шараларына 328 800 ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласының, кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.8741 тонна қоқыс қалдығы шығарылып, елді мекендердегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1019 әлеуметтік, 1897 өнеркәсіп және бизнес нысаны, көшелердің бойы тазартылды. Оған 548 техника жұмылдырылды.
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
19 Қырқүйек 2026, Сенбі
АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»
19 Қырқүйек 2026, Сенбі
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
19 Қырқүйек 2026, Сенбі
Похожие материалы:
28 Мамыр 2026, Бейсенбі
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
23 Мамыр 2026, Сенбі
ҚЫЗЫЛОРДАДА КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛЫП, ТЕХНИКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
24 Сәуір 2026, Жұма
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
07 Шілде 2024, Жексенбі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Комментарии (0)


