Сапалы білім – мекенге емес, балаға берілуі тиіс
Қазақстанда білім беру сапасын арттыру мәселесі жыл сайын қоғамның назарында. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтып, барлық балаға бірдей мүмкіндік жасау туралы ұстанымы аса өзекті деп есептеймін.Журналист әрі қоғамдағы әлеуметтік процестерді бақылаушы ретінде қарасақ, мектептің орналасқан жері баланың болашағын анықтайтын факторға айналмауы керек. Ауылда дүниеге келген оқушы да қаладағы құрдасы секілді заманауи білім алуға, жаңа технологияларға қол жеткізуге, білікті мұғалімнен тәлім алуға және өзінің қабілетін толық ашуға мүмкіндік алуы тиіс.
Бұл жерде мәселе тек мектеп ғимаратын жаңартумен шектелмейді. Заманауи мектеп – ең алдымен сапалы мұғалім, жақсы материалдық база, цифрлық мүмкіндіктер, зертханалар, кітапхана, спорттық және шығармашылық үйірмелер жүйесі қалыптасқан білім ордасы. Яғни ауыл мектебін қала мектебінің ғимаратына ұқсату емес, білім алу мүмкіндіктерін теңестірумаңызды.
Соңғы жылдары Қазақстанда мектеп инфрақұрылымын жаңарту, жаңа білім беру нысандарын салу, үш ауысымды мектептер мәселесін шешу және апатты мектептердің санын азайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл – ұзақ мерзімді нәтиже беретін маңызды инвестиция. Өйткені мектепке салынған қаржы – ғимаратқа ғана емес, елдің адами капиталына салынған инвестиция.
Әсіресе ауыл мектептерінің әлеуетін көтерудің маңызы зор. Ауылдағы талантты баланың сапалы білім алуына жағдай жасау – оның туған жерінде қалып, кейін сол өңірдің дамуына үлес қосуына да мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік және экономикалық алшақтықты азайтуға ықпал етеді.
Президенттің бұл ұстанымын қолдауға толық негіз бар. Бала қай жерде дүниеге келгеніне емес, өзінің қабілеті мен еңбегіне қарай болашағын қалыптастыруы керек.Сапалы білім – кез келген азаматтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын ең мықты құралдардың бірі.
Сондықтан ауыл мен қала мектептерін теңестіруді тек білім саласының міндеті деп қарау жеткіліксіз. Бұл – елдің болашағына қатысты стратегиялық мәселе. Бүгін ауылдағы мектепке жасалған инвестиция ертең Қазақстанның білімді, бәсекеге қабілетті және жауапты ұрпағына айналады.
Мемлекет басшысының осы бағыттағы бастамаларының түпкі мәні де осында: сапалы білім белгілі бір мекеннің артықшылығы емес, әрбір қазақстандық баланың конституциялық мүмкіндігіне айналуы тиіс.
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
05 Қазан 2026, Дүйсенбі
В ШЫМКЕНТЕ КО ДНЮ УЧИТЕЛЯ ЧЕСТВОВАЛИ ПЕДАГОГОВ
05 Қазан 2026, Дүйсенбі
Сапалы білім – мекенге емес, балаға берілуі тиіс
05 Қазан 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






