10) «Жайлы мектеп». Түркістанда тағы бір мектеп ашылды
«Жайлы мектеп». Түркістанда тағы бір мектеп ашылды
Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір жаңа мектеп ашылды. Бұл мектеп 2 мың оқушыға арналған және «Жаңа қала» ықшамауданында орналасқан. Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысып, жаңа білім ордасының құтты болуын тіледі.
Дархан Сатыбалды өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» жобасының маңыздылығын атап өтті. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Түркістандағы жаңа мектеп тек ғимаратпен шектелмей, оқушыларға заманауи білім алу үшін барлық жағдай жасалған.
Мектепте физика, химия, биология және робототехника кабинеттері, спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары бар. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу блоктары мен жеке шкафтар қарастырылған.
Түркістан облысында жалпы 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның үшеуі қазірдің өзінде ашылып үлгерген. «Жайлы мектеп» жобасы облыстағы білім беру инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қаласында 2024 жылы халықты жұмыспен қамту шаралары нәтижелі жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)