«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ
Шымкентте қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту және велоспортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Шымкент веломарафоны» ұйымдастырылды. Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған шараның ашылу салтанаты «Тәуелсіздік» саябағында өтті. Одан кейін 350-ге жуық қатысушы 20 шақырымдық қашықтықты бағындыру үшін Ипподромға қарай жолға шықты.
Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған веломарафонға әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов қатысушыларға сәттілік тілеп, веломарафонның ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын, қалада велоспортты бұқаралық деңгейде дамытуға басымдық беріліп отырғанын жеткізді.
Жарысқа қатысқан жас велошабандоздардың бірі – 14 жастағы Арман Диасұлы. Ол «Шымкент веломарафонына» биыл екінші рет қатысып, бұл жолы да 20 шақырымдық қашықтықты еңсеруге ниетті екенін айтты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Обсудить
Другие статьи:
«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ
10 Қазан 2026, Сенбі
СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»
10 Қазан 2026, Сенбі
«ЮгПласт»: Импортты алмастыру жолындағы отандық өндірістің жаңа серпіні
08 Қазан 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
09 Тамыз 2026, Жексенбі
7 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Комментарии (0)