Байланысқа арналған телефондар:
Құрылтай
» » 7 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

7 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

09 Тамыз 2026, Жексенбі
8
0
7 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен ерлер арасында тоғызқұмалақтан «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты Шымкент қаласының чемпионаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тоғызқұмалақ спортын дамыту.

Жарысқа 20-дан астам спортшы қатысып, классика және блиц бағдарламалары бойынша бақ сынады. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік 6 спортшы қыркүйек айында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

Іс-шараға қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алмас Өмірбекұлы, аға жаттықтырушы Сабит Қалдыбекұлы, спортшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аталған чемпионат ұлттық зияткерлік ойынның дамуына серпін беріп, жастар арасында ұлттық мұра мен рухани құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ тоғызқұмалақ спортының бұқаралық сипат алуына бағытталды.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать