Байланысқа арналған телефондар:
» » 3) ШЫМКЕНТ: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ҰЕҰ басшыларына лицензиялаудың маңызы түсіндірілді

3) ШЫМКЕНТ: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ҰЕҰ басшыларына лицензиялаудың маңызы түсіндірілді

28 Қантар 2025, Сейсенбі
11
0
ШЫМКЕНТ: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ҰЕҰ басшыларына лицензиялаудың маңызы түсіндірілді

  2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруды және мүгедектігі бар адамдар мен басқа да топтарға көрсетілетін қызметтердің тиімділігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.
  Шымкент қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 12 мемлекеттік орталық және 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Мемлекеттік орталықтар қазіргі уақытта лицензия алу үшін құжаттарын сәйкестендіріп жатыр, бұл талап үкіметтік емес ұйымдарға да қойылады. 2024 жылы үкіметтік емес ұйымдарда 310 ерекше бала арнаулы әлеуметтік қызметтерді алды, ал мемлекеттік мекемелерде 653 мүгедектігі бар бала қызмет алды.
  Лицензия алу үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары ғимараттың санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай болуы, қажетті материалдық-техникалық база мен қызметкерлер құрамының болуы, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігі қамтамасыз етілуі керек.
  Үкіметтік емес ұйымдар да лицензия алу үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл ретте Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның төрағалығымен ұйымдастырылған кездесуде лицензия алу жолдары мен кездескен мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелердің қызметін пайдалану ұсынысы бойынша «Қамқорлық» №8 орталығы мен «Аялы алақан» №5 орталықтарына өтініш жазған ата-аналар саны артқан.
  Лицензиялау жүйесі арнаулы әлеуметтік қызметтерді жоғары сапада көрсетуге және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтуды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать