«Халықтық құрылыс» бағдарламасы – ел дамуына серпін беретін маңызды бастама
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерліктің өркендеуіне және ұлттық экономиканы жандандыруға зор үлес қосатын еліміз тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болмақ.Аталған бастама елдегі құрылыс саласының дамуына тың серпін беріп қана қоймай, өңірлердің инфрақұрылымын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылыс жобаларының жүзеге асуы экономиканың өзге де салаларының дамуына оң ықпал етіп, өндіріс пен қызмет көрсету бағытындағы іскерлік белсенділікті арттыруға жол ашады.
Мұндай ауқымды жобаларды іске асыруда қаражаттың тиімді жұмсалуы, құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуы ерекше маңызға ие. Әрбір жоба халықтың нақты қажеттіліктеріне бағытталып, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтижеге негізделуі тиіс.
Бағдарламаның басты мақсаты – елдің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында атап өткен.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттен солтүстік пен шығысқа: 817 адам жаңа өмір бастады
13 Қараша 2026, Жұма
Шымкентте он ай ішінде 11 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты
13 Қараша 2026, Жұма
Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 10 қарашадан басталады
13 Қараша 2026, Жұма
Похожие материалы:
28 Қазан 2026, Сәрсенбі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР АРҚЫЛЫ НЫҒАЯДЫ
28 Қазан 2026, Сәрсенбі
«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС»: ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Комментарии (0)




