Шымкенттегі жаңа өндіріс – құрылыс индустриясын қолдау
Шымкент қаласында «Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған маңызды жобалардың бірі – «Business Plas» ЖШС кәсіпорны. Құны 5 миллион теңгені құрайтын бұл жоба отандық өндірісті қолдау мен индустриялық әлеуетті арттыруға бағытталған.Кәсіпорын түйіршікті көбіктендірілген стирол өндірумен айналысады. Бұл материал құрылыс, орау, жылу оқшаулау және өнеркәсіптің басқа да салаларында кеңінен қолданылады. Заманауи технологияларға негізделген өндіріс процесі өнімнің жоғары сапасын, экологиялық қауіпсіздігін және нарықтағы сұранысқа сай болуын қамтамасыз етеді.
«Business Plas» компаниясының өнімдері:
* Энергия үнемдеуді арттыруға,
* Құрылыс нысандарының сапасын жақсартуға,
* Өнімдердің қауіпсіз тасымалын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Бұл жоба жергілікті экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өндірісті дамытуға елеулі үлес қосуда.
Мемлекеттік қолдау мен кәсіпкерлік бастамалардың үйлесімділігі Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін арттырып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға жол ашуда.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
14 Желтоқсан 2024, Сенбі
Шымкент қаласының экономикалық дамуы оң динамика көрсетуде және қала 2024 жылы экономикалық өсім мен инвестициялық белсенділікті одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.
11 Қазан 2023, Сәрсенбі
Шымкент: кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика ішкі нарықты толықтай қамтып отыр
Комментарии (0)



