Байланысқа арналған телефондар:
» » Хактивистер DDoS-шабуыл қызметін ұсынушылармен бірлесе бастады

Хактивистер DDoS-шабуыл қызметін ұсынушылармен бірлесе бастады

13 Қараша 2026, Жұма
98
0

Зиянкестер екі жаққа да тиімді серіктестік орнатуда: бірі қуатты инфрақұрылымға қол жеткізсе, екіншісі өз қызметін жарнамалайды

Kaspersky Digital Footprint Intelligence талдаушылары «DDoS экономикасы: сайтты істен шығару қанша тұрады?» зерттеуі аясында даркнет пен дипвебтегі DDoS-қызметтер туралы 256 мыңнан астам хабарламаны талдады. Олар 2015 жылдан 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі кезеңде осы қызметті ұсынған 148 белсенді жеткізушіні анықтады. Зерттеу олардың тоғызы хактивистік топтармен байланысты екенін көрсетті.
Бұл серіктестік не үшін қажет? Хактивистер DDoS-шабуыл қызметін ұсынушылармен бірігіп, қуаттырақ инфрақұрылымға қол жеткізеді. Ал қызмет ұсынушылар хактивистердің жария шабуылдарын өздерін жарнамалау үшін пайдаланады. Олар серіктестік туралы ашық айтып, шабуыл нәтижелерін хактивистердің ресурстарында жариялайды. Осылайша әлеуетті клиенттерге қызметінің тиімділігін көрсетеді. Кемінде төрт хактивистік топ өз DDoS-құралдарын да жарнамалайды. Яғни кейбір топтар дайын қызметті пайдаланумен шектелмей, өз құралдарын әзірлейді.
Олар өз қызметін қалай жарнамалайды? Клиент тарту үшін DDoS-қызмет нарығының қатысушылары интернеттегі бірнеше арнаны пайдаланады. Біріншісі — DDoS-қызметтер каталогтары. Онда қызмет ұсынушылар сипаттамалары мен пікірлеріне қарай орналастырылады. Екіншісі — мессенджерлерде жаппай жарияланатын жарнамалар. Үшіншісі — жасырын форумдар. Мұндай форумдарда беделді бағалау, тіпті алаяқтықты анықтау жүйелері болуы мүмкін. Бұл тапсырыс берушілердің сенімін арттырады. Жақында рейтингтік платформалар да пайда болды. Олар арнайы нысанаға жасалған шабуылдың қуатын өлшеп, шабуыл жасаушыны рейтингке енгізеді. Осылайша зиянкестер өздерін танытып, бәсекелестерінен ерекшеленуге тырысады.
«Даркнет пен дипвебтегі DDoS-қызметтер нарығы қазір кәдімгі бизнес қағидаларымен жұмыс істейді. Мұнда да бәсеке бар, ал қызметтер жарнама арқылы ілгерілетіледі. Бұл нарықтың қалай құрылғанын түсіну киберқауіпсіздік мамандарына жаңа қатысушыларды дер кезінде анықтауға, бақылау қажет арналарды таңдауға және шабуылдардың қалай дамуы мүмкін екенін болжауға көмектеседі», — дейді Kaspersky Digital Footprint Intelligence талдаушысы Ксения Кудашева.
Бизнесті қорғауды күшейту үшін «Касперский зертханасы» мынадай шараларды ұсынады:
· ұйымның цифрлық активтерін бақылау және дипвеб пен даркнеттегі қауіптерді анықтау үшін цифрлық қауіптерді бақылау сервисін пайдалану. Мысалы, Kaspersky Digital Footprint Intelligence;
· SOC мамандарын қауіптер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету. Мысалы, Kaspersky Threat Intelligence арқылы зиянкестердің тәсілдері мен құралдарын жедел қадағалауға болады;
· қызметкерлерді цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етуге үйрету үшін Kaspersky Automated Security Awareness Platform платформасын пайдалану;
· қолданыстағы қорғаныс құралдарын сараптамалық талдау мен қауіптер туралы жаһандық деректерге негізделген шешіммен толықтыру. Мысалы, Kaspersky Managed Detection and Response (MDR).
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать