«ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ»
Жасөспірім қыздарға арналған облыстық ақпараттық-ағартушылық ашық алаң2026 жылғы 16-қарашада Қармақшы ауданында Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қыздардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, репродуктивті денсаулығын сақтау, жеке шекарасын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Қыз баланың қауіпсіздігі, денсаулығы және болашағы»тақырыбында облыстық ақпараттық-ағартушылық ашық алаң өткізілді.
Шараға Қызылорда қаласы ҚПБ-нің аға тергеуші маманы, «Ана мен бала» орталығынан балалар гинекологы, Орталықтың жасөспірімдер психологтары және білім беру ұйымының 7-10сыныбынан350 қыз балақамтылып, сондай-ақ, аудандық Отбасын қолдау орталығы мен Жастар денсаулық орталығының мамандары да қатыстырылды.
Кездесу барысында қыз балалардың өмір қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылығы, жыныстық тәрбие, репродуктивті денсаулық, жеке шекараны сақтау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Мамандар ерте жүктіліктің алдын алу, қысым көрсету мен мәжбүрлеу жағдайларын тану, өз құқықтарын қорғау және қиын жағдайда көмекке жүгіну жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқатына ерекше назар аударылды. Буллингке, жыныстық сипаттағы тиісуге және өзге де қиын өмірлік жағдайларға тап болған қыздарға психологиялық және тиісті мамандардың көмегін алу мүмкіндіктері таныстырылды.
Ашық алаңның ерекшелігі-қатысушылардың Орталық мамандарына Сенім телефоны арқылы анонимді түрде сұрақ қойып, тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болуы. Бұл жасөспірімдердің өздерін толғандырған мәселелерді ашық жеткізіп, қажетті ақпарат пен қолдау алуына жағдай жасады.
Іс-шара «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында көзделген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық саулығын сақтау және құқықтарын қорғау бағыттарымен үндесіп, жасөспірім қыздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және көмек сұраудан тартынбауына бағытталды.
Негізгі ұстаным: қыз баланың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау, оның құқықтарын сақтау және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету-ортақ жауапкершілік.
Ақпарат көзі:Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығы
Обсудить
Другие статьи:
«Народная стройка»: в Талдыкоргане появятся Креативный центр, новый музей и Центр народного творчества
18 Қараша 2026, Сәрсенбі
«Халықтық құрылыс»: Талдықорғанда Креатив орталығы, жаңа музей және Халық шығармашылығы орталығы ашылады
18 Қараша 2026, Сәрсенбі
Тараздың Әулиеата ауданында «Заң мен тәртіп» бойынша тұрғындармен ашық кездесу өтті
18 Қараша 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
25 Қараша 2025, Сейсенбі
М. ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
02 Желтоқсан 2025, Сейсенбі
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА “МИРАС” СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
27 Қараша 2025, Бейсенбі
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында аудан жастары мен ақ жаулықты әжелердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
19 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
АБАЙ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР 23,8 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Комментарии (0)


