ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтық қорғаныс бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде.Азаматтық қорғаныс – халық пен аумақты зақымдаушы құралдардан және төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған жалпымемлекеттік іс-шаралар жүйесі. Бұл бағыттағы жұмыстарды қала әкімі басқарып, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жұмысшы орган ретінде жүзеге асырады.
Департамент азаматтық қорғаныс аясында халықты оқыту, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту бағытында бірқатар іс-шараны атқаруда.
Жыл басынан бері Азаматтық қорғау саласындағы Ұлттық орталықта 24 адам, ал департамент базасында 1 200 тыңдаушы оқытылды. Сонымен қатар қала аумағында азаматтық қорғаныс бойынша түрлі тақырыпта 3 500-ге жуық оқу-жаттығу өткізілді.
Тұрғындардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы хабардарлығын арттыруға да басымдық берілген. Осы мақсатта қаладағы 2 500-ге жуық көпқабатты тұрғын үйдің 8 500-ге жуық кіреберісіне ақпараттық тақтайшалар орналастырылды. Олар төтенше жағдай туындаған кезде тұрғындардың қандай әрекет жасау керектігін түсіндіруге арналған.
Аталған шаралар халықтың қауіпсіздік жөніндегі сауаттылығын арттыруға, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін нығайтуға және азаматтық қорғаныс жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=jmWMDtE8sGU
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
13 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкенттегі цемент зауытына тексеру: ауа тазалығы мәселесі шешімін таба ма?
13 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкенттегі цемент зауытына тексеру: ауа тазалығы мәселесі шешімін таба ма?
12 Қазан 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
19 Желтоқсан 2025, Жұма
ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ
25 Қазан 2024, Жұма
Түркістан облысы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы Қазақстандағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Комментарии (0)



