Байланысқа арналған телефондар:
» » 9) Түркістанда «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

9) Түркістанда «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

11 Қантар 2025, Сенбі
27
0
Түркістанда «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

  Түркістан облыстық Әділет департаменті мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен ашық диалог өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңес беру болды.
  Кездесуді Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы Ақтөре Қайрат жүргізіп, қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндірді. Іс-шараға қатысқан Түркістан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешов құқықтық сауаттылықтың жастар үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
  Тәжірибелі адвокат Салтанат Көпжасарова заңды білу қазіргі қоғамның басты талабы екендігін, ал адвокат Полат Жандарбеков әр адамның өз құқығын қорғауда сенімді әрі батыл қадам жасау керектігін айтты. Сонымен қатар, жеке сот орындаушы Ғалымжан Егембердиев заңға сәйкес әрекет жасаудың жетістікке жетелейтіндігін жеткізді.
   Кездесу соңында жастар мен спикерлер арасында еркін форматта сұрақ-жауап өтті, мұнда қатысушылар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сұрақ қойып, арнайы мамандардан кең көлемде жауап алды. Бұл іс-шара жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және заңға бағыну мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать