БАЛАҒА ҚАЛДЫРАР ЕҢ ҚЫМБАТ МҰРА – ДЕНІ САУ БОЛАШАҚ

«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұрпақ саулығын қорғау мақсатында Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр.
Бірлестік өкілдерінің айтуынша, әр баланың аман-есен өсіп, әр отбасының жақындарының қызығын көруі – қоғам үшін маңызды құндылық. Сондықтан халық денсаулығын қорғау бағытында бүгіннен бастап нақты шаралар қабылдау қажет.
Осыған байланысты Үкіметке энергетикалық сусындардың саудасына, соның ішінде интернет пен жеткізу қызметтері арқылы сатылуына, сондай-ақ жарнамасына тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеу ұсынылды.
«Әкелер одағы» бастаманы көпшіліктің қолдауына шақырып, азаматтарды петицияға қол қоюға және бейнеүндеуді кеңінен таратуға үндейді.
Бүгінгі қолдау – ертеңгі ұрпақтың саулығына қосылған үлес. Отбасы денсаулығын бірге қорғайық!
Толығырақ:https://www.facebook.com/share/v/1X2RpJu42h/?mibextid=wwXIfr
#ӘкелерОдағы #ДеніСауҰрпақ #ОтбасыСаулығы #ПетицияныҚолда
Обсудить
Другие статьи:
«Народная стройка»: в Талдыкоргане появятся Креативный центр, новый музей и Центр народного творчества
18 Қараша 2026, Сәрсенбі
«Халықтық құрылыс»: Талдықорғанда Креатив орталығы, жаңа музей және Халық шығармашылығы орталығы ашылады
18 Қараша 2026, Сәрсенбі
Тараздың Әулиеата ауданында «Заң мен тәртіп» бойынша тұрғындармен ашық кездесу өтті
18 Қараша 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
17 Қараша 2026, Сейсенбі
Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді
02 Қараша 2024, Сенбі
Түркістан облысы. Қоғамдағы әрбір адамның денсаулығы маңызды болғандықтан, алкоголь мен темекіге қарсы күрес тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың да міндеті.
23 Қазан 2024, Сәрсенбі
Түркістан облысы. Алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар қоғамдық денсаулықты қорғау және өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында жүзеге асырылып келеді.
Комментарии (0)


