Шымкентте «Жаяу жүргінші»іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды
Қала прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылғы 13–22қараша аралығында Полиция департаменті «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасынөткізуде.Іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру.
Рейдтік іс-шараларға прокуратура қызметкерлері, автопатрульдік экипаждар мен жаяу патрульдік нарядтар жұмылдырылған.
Құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысын бақылау полицияның Жедел басқару орталығы мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жүзеге асырылуда.
Тек, 13-16 қарашада 3,5 мыңәкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуінің 1775және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің 514 дерегітіркелді. Осы құқық бұзушылықтар бойынша 2289 тұлғаәкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Рейдтік жұмыстар нәтижесінде өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер тарапынан анықталған құқық бұзушылықтар саны 104%-ға (1 124-тен 2 289-ға дейін)өскен.
Атап айтқанда, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу деректері (ӘҚБтК-нің 600-бабы)2,5 есеге(145-тен 514 дерекке дейін), ал жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректері (ӘҚБтК-нің 615-бабы)81,3 %(979-дан 1775 дерекке дейін)артқан.
Бұл көрсеткіштер жол қозғалысы қағидаларының сақталуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – баршамызға ортақ міндет.
Осыған байланысты қала прокуратурасы жаяу жүргіншілерді жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауға, ал жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге жол беріп, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Қалапрокуратурасы
Обсудить
Другие статьи:
Астанада өткен Ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық серіктестердің III форумында Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан бағдарламалық мәлімдемелері
19 Қараша 2026, Бейсенбі
Программные заявления Касым-Жомарта Токаева, озвученные на III Форуме стратегических партнеров в сфере науки и высшего образования в Астане,
19 Қараша 2026, Бейсенбі
ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ КӨРІКТІ ҚАЛА – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
19 Қараша 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
10 Маусым 2026, Сәрсенбі
Әл-Фараби аудан прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында
19 Қараша 2025, Сәрсенбі
«Қауіпсіз жол»: Шымкенттегі жол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жедел-профилактикалық шара
Комментарии (0)




