Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Отбасындағы жанжалдар және олардың шешу жолдары

Шымкент. Отбасындағы жанжалдар және олардың шешу жолдары

15 Қараша 2024, Жұма
1 537
0
Отбасы – өте үлкен мағынаға ие сөз десем де болады. Осы орайда айта кететін жайт – барлық отбасыда ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Отбасындағы жанжалдардың негізгі себебі – жаман әдеттер (алкоголь, нашақорлық, темекі шегу, құмар ойындар және т.б.). Статистикаға сүйенсек, маскүнемдік әрбір үшінші отбасында кездеседі. Егер отбасында ішімдікке құмар адам болса, бейбіт, тыныш өмірге қол жеткізу қиынға соғады. Мұндай ортада бәрі зардап шегеді, әсіресе балалар (ауыр психологиялық жарақат алады). Маскүнемдер өз мінез-құлқын бақыламай, көбінесе физикалық күш қолданады.

Нашақорлық та маскүнемдік сияқты отбасыға ауыр зиянын тигізеді. Мұндай жағдайда тәуелді адаммен жалғыз күресу қиынға соғады және бұл уақыт пен үлкен шыдамдылықты талап етеді. Отбасы мүшелері психологтың көмегіне жүгінуге дайын болуы керек. Жаңа өмірге қадам баса отырып, мәселенің маңыздылығын түсініп, оған тез арада шешім табу қажеттігін сезіну маңызды.
Жақын адамға көмектесуге дайын болу қиын болуы мүмкін, сондықтан зиянды тәуелділіктен зардап шегетін отбасы мүшесін маманға қаралуға алдын ала дайындап қою керек.
Бақытты болашақ үшін күресте үйде тыныш атмосфераны сақтау маңызды. Ерлі-зайыптылардың бірі балалардың бақыты, олардың жан тыныштығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс.
Отбасыңызды айыптаулардан, жанжалдар мен күйзелістерден қорғауға тырысыңыз. Әрдайым бір-біріңізге қамқор болып, жақсы көріңіздер. Отбасы үшін күресуге тұрарлық екенін ұмытпаңыз.
Егер дәрменсіздік сезімі туындаса және тәуелді адам қоршаған ортаға қауіпті болса, қажетті көмек алу үшін дереу мамандандырылған мекемелерге хабарласу керек.
Қаржылық қиындықтар
Отбасындағы жанжал материалдық жетіспеушіліктен басталуы мүмкін. Отбасылардың 30%-ға жуығы қаржылық қиындықтарға байланысты ажырасады. Шағын табыс отбасының қажеттіліктерін (балаларды тәрбиелеу, тұрмыс жағдайын жақсарту және т.б.) қанағаттандыруға жеткіліксіз болуы мүмкін. Материалдық жетіспеушілік ерлі-зайыптылар арасында өзара түсініспеушілік туғызып, реніштер мен жанжалдарға әкеліп соғады.
Мұндай жағдайда жанжалды өзіңізден бастап шешуге тырысу қажет. Жағдайдың түп-тамырын анықтау маңызды. Мүмкін, жұмыста қиындықтар туындауы немесе жұбайыңыз жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр шығар. Ең бастысы – бұл мәселені сабырмен талқылау.
Қаржылық қиындықтар ерлі-зайыптылар арасында өзара кінә тағуға себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші жартыңызды тыңдап, оған қолдау көрсету маңызды. Қолдау мен өзара көмектің арқасында отбасы кез келген дағдарысты жеңіп шығады және одан әрі нығая түседі.

Тілші: Журсынбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать