МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық дәуір талаптарына бейімдеп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.Бұл бағытта мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру, шешім қабылдау үдерісін жеделдету және қағазбастылықтан арылу міндеті қойылып отыр. Жасанды интеллектіні енгізу арқылы қайталанатын міндеттерді автоматтандырып, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру көзделеді.
Сонымен қатар Президент мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға басымдық берді. Осыған орай мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеп, олардың Конституцияға және халыққа адал қызмет етуін басты ұстаным ретінде бекіту ұсынылды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару саласында жүйелі реформалар жүргізу қажеттігін атап өтіп, Президент Әкімшілігіне 2027 жылғы 1 маусымға дейін тиісті кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Негізгі мақсат – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіге негізделген заманауи әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру.
Обсудить
Другие статьи:
АЛМАТЫ КҮННЕН-КҮНГЕ ӘСЕМДЕНІП КЕЛЕДІ
23 Қараша 2026, Дүйсенбі
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
23 Қараша 2026, Дүйсенбі
Қазақстанның цифрлық болашағы: Президент жолдауы қандай мүмкіндікке жол ашады?
23 Қараша 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
28 Қазан 2026, Сәрсенбі
ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА МЕН АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСАДЫ
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
AЙМАҚТАРДЫ ТЕҢ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАДЫ
21 Қантар 2026, Сәрсенбі
ЦИФРЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚУАТТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ
08 Қазан 2025, Сәрсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
Комментарии (0)


