Байланысқа арналған телефондар:
» » Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің басшыларына Қазақстанның жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы жетістіктері таныстырылды

Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің басшыларына Қазақстанның жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы жетістіктері таныстырылды

27 Қараша 2026, Жұма
89
0
 
AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин екі елдің жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктеріне арналған көрмемен танысты.

Қазақстан экспозициясы алты негізгі бағыт бойынша ұсынылды: «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu, көлік саласындағы жасанды интеллект және FinTech. Таныстырылым барысында елдегі цифрлық трансформацияның негізгі нәтижелері, адами капиталды дамыту, отандық технологиялық экожүйені қалыптастыру және жасанды интеллектіні экономиканың түрлі салаларына енгізу бағытындағы жұмыстар көрсетілді.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекет басшыларына технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартаптарды қолдау және ұлттық ЖИ экожүйесін қалыптастыру бағытындағы Қазақстанның негізгі жетістіктерін таныстырды.

Толығырақ: https://www.gov.kz/org/maidd/press/news/details/1338236?lang=kk
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать