МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды.
Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент өнеркәсібі жаңа биіктерге: зауыттар кеңейеді, әуежай жаңарады
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент жолдары: Бектенов тәртіп орнатуды талап етті
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент аспанында мың жел диірмен: Республика күні ерекше мерекеге айналды
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
23 Қырқүйек 2025, Сейсенбі
Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының президентімен Джаред Коэнмен кездесу өткізді
Комментарии (0)





