ЖӘРМЕҢКЕДЕ ГРАНТ ИЕЛЕРІНІҢ ӨНІМДЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

Іс-шараға қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысып, мемлекеттік қолдау аясында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 200-ге жуық грант иесінің бизнес-жобаларымен танысты.
Былтыр қалада мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз қаражат алған 1000-нан астам азамат бүгінде тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары мен қол өнер және жиһаз өндіру кәсіптерімен айналысуда.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандары бағдарлама қатысушыларына алдағы уақытта шағын кәсіптерін кеңейтіп, орта бизнес деңгейіне арттыруда қолдау көрсетуде.
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Қала әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында бизнеске бет бұрған тұрғындарды жан-жақты қолдауда тиісті шаралар жалғасатынын жеткізіп, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.
Биыл қалада 400-ден астам бизнес-жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жыл басынан бері 228 азаматқа бизнес бастауға қайтарымсыз грант берілді. Бүгінде қосымша 219 грантқа өтінім қабылдануда.
Көрмеде грант иегерлері өнер және ғылым саласындағы табысты бастамалардың жарқын үлгілері болды. Олардың жобалары қолдауға лайық инновациялық идеяларды ұсынды. Гранттар шығармашылық индустрияның дамуына және ғылыми прогреске ықпал ете отырып, бұл идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көрме қорының қолдауы бұл бастамалардың қоғам үшін маңыздылығын және олардың әртүрлі салаларда елеулі үлес қосу әлеуетін көрсетті. Жеңіс лауреаттардың мәртебесін нығайтып, жобаларының ұзақ мерзімді дамуына үлес қосатын жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл қоғамдағы талантты және шығармашылық бастамаларды қолдаудың маңыздылығын көрсететін шабыттандыратын қадам.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)