Қала әкімі үндістан республикасының елшісімен кездесті

Жиында қала басшысы екіжақты байланыс орнатуға дайын екенін білдірді.
– Қош келдіңіздер! Сіздермен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз! Біздің қала – елімізде үшінші мегаполис. 2200 жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Біздің мақсатымыз – қаланың көркін арттырып, бәсекелестігі жоғары қалаға айналдыру. Осы бағытта бүгінде көгалдандыру мен цифрландыруға күш салып отырмыз. Бұл ретте инвестиция тарту – маңызды бағыттың бірі. Сондықтан сіздермен әріптестік байланыс орнатуға дайын екенімізді жеткізгіміз келеді, – деді қала басшысы.
Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Нагендра Прасад екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды.
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Сондай-ақ елші: «Шымкент қаласында 2 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр. Бұл көрсеткішті кеше студенттермен кездесу барысында білдім. Олар мұнда өте бақытты. Жайлы әрі қауіпсіз қала екенін жеткізді. Медицина саласын оқығаннан бөлек, қазақ тілін үйреніп, сіздердің мәдениеттеріңізбен танысып жатыр», – деп ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, Нагендра Прасад мырза Шымкент қаласымен бауырлас қала орнатқысы келетіндіктерін аңғартты.
Қала әкімі «Ақылды қала» жобасы қызықтыратынын айтып, бауырластық қала орнатуға дайын екенін жеткізді.
Үндістан елшісімен кездесу дипломатиялық арналар немесе консулдық қызметтер арқылы алдын ала келісілген уақыт пен келісімді талап етеді. Үндістан елшісімен кездесу үшін шұғыл мәселелеріңіз немесе маңызды іскерлік мақсаттарыңыз болса, еліңіздегі Үндістан елшілігіне немесе бар болса, Үндістан консулдығына хабарласуыңыз керек.
Үндістан Елшісімен кездесуді жоспарлау үшін кездесудің мақсаты, талқылағыңыз келетін құжаттама және басқа мәліметтер туралы ақпарат беруіңіз керек. Қажетті ақпарат пен кездесу нұсқауларын алу үшін Үндістанның дипломатиялық миссияларына хабарласыңыз.
Елшімен кездесу ресми іс-шара болып табылатынын және дипломатиялық хаттамалар мен ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс екенін ескеріңіз.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:

06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
ҒАБИТ ӘБДІМАЖИТҰЛЫ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Комментарии (0)