Байланысқа арналған телефондар:
» » КОНГРЕС-ХОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

КОНГРЕС-ХОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

16 ноябрь 2023, Четверг
3 031
0

 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Шымсити шағынауданынында бой көтерген Конгрес-холл ғимаратын аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. 
 Қазір мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанның персоналды басқару жүйесіне мамандар оқытылуда.  
Заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратта халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда. 
 Жобаға сәйкес бірінші блокта мәдени іс шараларға арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2 066 орындық көрермен залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз залы, техникалық бөлмелер бар. Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, шеберхана қарастырылған. 
 Қала әкімі жауаптыларға озық үлгіде жабдықталған жаңа нысанның мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырма берді.
 Конгрес-холл өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша жаңалық! Конгресс-холлдағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы – қаланың мәдени-әлеуметтік өмірін дамыту үшін маңызды болатынына уәде беретін маңызды кезең. Бұл жетістік әртүрлі іс-шараларды, конференциялар мен кездесулерді өткізуге, мәдени алмасуды және қоғамдық кеңістікті дамытуға жәрдемдесудің жаңа перспективаларын ашады.
Құрылысшылар мен жобалаушылардан бастап қала басшылығына дейін осы процеске атсалысқандардың барлығын құттықтаймыз! Мұндай нысандар қаланың мәдени сахнасын көркейтуде маңызды рөл атқарып, оның дамуына үлес қосуда.
Конгресс-холлдың ашылуын асыға күтеміз және ол барлық қала тұрғындары мен қонақтары үшін кездесулер, пікір алмасу және шабыт беретін жаңа орталық болады деп сенеміз!
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать