ШЫМКЕНТТЕ МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА “ҚАНДАС” МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Жарты жылда қалада 47 отбасынан 62 адам қандас мәртебесін ұзартқан. Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Биыл көрші елден 1166 адам көшіп келген. Сондай-ақ Қытайдан – 16, Ресейден – 8, Ауғанстан мен Түркиядан - 2, Қырғызстан мен Тәжікстаннан – 1 адам келген.
Қандастардың басым бөлігі құрылыс, сауда –саттық және басқа да салаларда жалдамалы жұмыс істейді. «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 86 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған.
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Биылдан бастап Әлеуметік Кодекс аясында “қандас” мәртебесін берудің жаңа тәсілі енгізілді. Құжаттар еліміздің шет мемлекеттердегі өкілдіктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қабылданатын болады. Этникалық қазақтарға елімізде еңбек етуге және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін «Ата жолы» картасы жүзеге асырылуда. Карта елге кіру үшін ұзақ мерзімді виза алу құқығымен беріледі.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:

16 Қараша 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСҚАН
Комментарии (0)