Байланысқа арналған телефондар:
» » ҚАЛАДА ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА МҰҚТАЖДЫҚ ТУЫНДАДЫ

ҚАЛАДА ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА МҰҚТАЖДЫҚ ТУЫНДАДЫ

24 ноябрь 2023, Пятница
1 764
0
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік бейімдеу орталығын аралап, оның қызметін зерделеді. Бұл орталықта тұрақты мекенжайы жоқ, жеке куәлігі болмаған, түрлі мекемелерден босатылған немесе пробациядағы адамдар қабылданады. Оларға сегіз түрлі әлеуметтік қызметтер ұсынылады.1983 жылы салынған орталық 160 орындық болып, 2006-2007 жылдары оған жөндеу жасалып, жылу жүйесі мен шатыры жаңартылды. Қазіргі таңда жеке жер телімі мемлекеттің пайдасына алыну арқылы, 50 орындық екі қабатты заманауи ғимараттың құрылысы жоспарлануда. Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармаларына бұл жердің мемлекет мұқтаждығына алынуына қатысты ұсыныстар жіберілді.
Қала әкімі орталықтың аумағындағы 0,0535 га жер телімінің заңдастырылуын басқарманың басшысына тез арада шешу тапсырды. Сала басшысына орталықтың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу және қосымша ғимарат салуға қажетті зерттеулерді жүргізу тапсырмасы берілді.Осыған қоса, қала әкімі әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметтерін кеңейту мақсатында жаңа жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды ұсынды. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар арасында жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылмақ, орталық тұрғындарына арналған кәсіби оқыту курстары ұйымдастырылатын болады. Мұнымен қатар, психологиялық көмек пен әлеуметтік бейімделу бағдарламалары да күшейтілетін болады.
Сондай-ақ, қала басшысы орталықтың қызметін жүзеге асырудағы әріптестіктің маңыздылығына назар аударды. Ол үшін қала әкімі әлеуметтік бейімдеу орталығына мемлекеттік және жеке сектордан серіктестер табуға бағытталған жұмысты күшейтуге шақырды. Бұл әрекеттер арқылы орталықтың қаржылық тұрақтылығын арттыру және қызмет көрсету сапасын жоғарылату мүмкіндіктері ашылады.

Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық 
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать