ДӘРІГЕРЛЕР ТҮРКИЯДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Медицина мамандарының кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Түркия мемлекетінің алдыңғы қатарлы мамандандырылған «Acibadem Healthcare Group Hospitals/ Acibadem University» орталығымен келісім шарт жасаған.
Екі жақты келісім негізіндегі тәжірибе алмасу шарасына орталықтың хирургия бөлімінің меңгерушісі Акқали Маймаков радиолог дәрігерлер - Серик Қазыбеков, Акрам ААвдаметов қатысып, кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, жаңа әдістерді меңгерді.
Түркияда дәрігерлердің біліктілігін арттыру медицина мамандарына кәсіби дағдыларын кеңейтуге және емдеу мен диагностиканың озық әдістерімен танысуға бірегей мүмкіндік беретін маңызды оқиға болып табылады. Бұл медициналық қауымдастықты біліммен байытады, тәжірибе алмасуды ынталандырады және медициналық көмектің сапасын арттырады.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Бұл тәжірибе дәрігерлерге денсаулық сақтаудың әлемдік стандарттары туралы түсінігін кеңейтуге және озық технологияларды өз тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетелдік медициналық орталықтарда оқыту халықаралық ынтымақтастық пен емдеудің озық әдістерімен алмасуды жақсарта алады.
Сондай-ақ диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу нәтижесінде туған елдегі медициналық көмек көрсету стандарттарын көтереді. Түркиядағы біліктілікті арттыру медицина ғылымының дамуына септігін тигізеді, нәтижесінде пациенттерге қызмет көрсету сапасы жақсарады.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Похожие материалы:

08 Желтоқсан 2023, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ АВТОМАТТЫ АНАЛИЗАТОР ОРНАТЫЛДЫ
Комментарии (0)