АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 162 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының Абай ауданында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлер толық техникалық тексеруден өтті. Бұл туралы 28 қазанда өткен «Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте аудан әкімі Ш. Сұлтанхан 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысын таныстыру барысында мәлімдеді.Брифингте ұсынылған мәліметтерге сәйкес, аудан аумағында барлығы 350 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Олардың 170-і пәтерішілік автономды жылыту жүйесін пайдаланады. Ал 18 көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін жеке қазандықтар «Қуатжылуорталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне өткізілген.
Бұл үйлердің бесеуі «Атлант», оны «Құлагер», ал үшеуі «Нью Лайф» тұрғын үй кешендерінде орналасқан.
Қалған 162 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылумен қамтамасыз етіледі. Аудан әкімінің мәліметінше, аталған үйлердің барлығында жылу жүйесін сығымдау жұмыстары толық жүргізілген.
Техникалық тексерулердің қорытындысы бойынша дайындық актілері «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тапсырылған. Қазіргі уақытта орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған барлық көпқабатты тұрғын үйге жылу тұрақты беріліп отыр.
Жылыту маусымына дайындық барысында инженерлік жүйелердің техникалық жағдайын тексеру маңызды орын алады. Жылу құбырларын сығымдау жүйедегі ақауларды алдын ала анықтауға және қыс мезгілінде туындауы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Абай ауданындағы тұрғын үйлердің жылу жүйелеріне тоғыз сервистік мекеме қызмет көрсетеді. Олардың қатарында «Эверест», «Теплосервис», «BI-сервис», «Капитал Сервис», «УЮТ» және басқа да ұйымдар бар.
Көпқабатты тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылған. Аудан аумағындағы 32 мектепке, тоғыз балабақшаға және 13 медициналық ұйымға жылу берілген.
Атап айтқанда, 32 мектептің 22-сі табиғи газбен, алтауы көмірмен, екеуі сұйық отынмен және тағы екеуі орталықтандырылған жүйе арқылы жылытылады. Тоғыз балабақшаның барлығы табиғи газды пайдаланады.
Ал 13 медициналық ұйымның жетеуі табиғи газбен, төртеуі көмірмен және екеуі сұйық отынмен жылытылады.
28 қазандағы брифингте ұсынылған тоғыз айлық есеп Абай ауданында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған тұрғын үйлердің жылыту маусымына толық дайындалғанын көрсетті. Алдағы кезеңде инженерлік желілердің техникалық жағдайын бақылау және тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қала береді.
Обсудить
Другие статьи:
АБАЙ АУДАНЫНДА АУЛАЛАР МЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА 226 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
28 Қазан 2026, Сәрсенбі
АБАЙ АУДАНЫНДА 11 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ МЕН 6 ГҮЛЗАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
28 Қазан 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
04 Қырқүйек 2023, Дүйсенбі
Тұран ауданы: 310 көпқабатты үйде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді
Комментарии (0)





